ҚазҰУ ең үздік студенттік тобын анықтауда

ҚазҰУ ең үздік студенттік тобын анықтауда

Кеше, 3 сәуір күні "Сұңқар" студенттік кәсіподағының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қара шаңырағында "Ең үздік студенттік топ-2014" байқауының екінші кезеңі болып өтті. 2012 жылдан бері бастау алған жоба студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, үздік студенттер тобын шығару және жастарды ынталандыру мақсатында жүргізіліп келеді. Елдің тұтқасын ұстар азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп, үлкен өмірге қадам бастырып отырған қара шаңырақ ҚазҰУ осы жылы 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Студенттерді достық пен бауырмалдыққа шақыратын доданың ақтық кезеңі осынау айтулы мереке қарсаңында мәресіне жетпек.

Жобаның алғашқы сайыстарында топ жарып, іріктелген 10 факультет топтары екінші кезеңде де тартысты ойын көрсете білді. Таңғы сағат 6:30-да топ мүшелері таңғы жаттығу жасап, сайысқа ерекше ықыласпен қатысты. Берілген тапсырма бойынша топ ҚазҰУ қалашығының ғимараттарын тауып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, бірге мәреге жетуі қажет болды. Студенттік топтар ұйымшылдықтарын, алғырлықтарын, жеңіске деген талпыныстарын көрсетіп, нәтижесінде келесі кезеңге барлық 10 факультет те жолдама алды.

Байқау барысында студенттік топтардың тапқырлығы, білімділігі және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетуі - қатысушыларға қойылатын басты талап екені байқалды. 

Жолдаған: Күзембекова Жанна

PhD докторы

Сурет: Өмірбек Сансызбай

Ө. Сансызбай