Қолданыстағы ең көне монета

Қолданыстағы ең көне монета
Фото: Depositphotos

1879 жылдан бері қолданылып келе жатқан Швейцарияның 10 сантимдік монетасы Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы елдің Монета сарайының ресми сайты хабарлады.

10 сантимдік монеталар ХІХ ғасырда жасалса да әлі күнге дейін жарамдылығын толық сақтап келеді және заңды төлем құралы саналады.

140 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз қолданылған 10 сантимдік монета Гиннестің рекордтар кітабына енгізіліп, оған "әлемдегі ең көне монета" атағы берілді, - деп жазылған хабарламада.

2020 жылы ғалым Альберт Эйнштейннің құрметіне шығарылған естелік алтын монета да Гиннес рекордтар кітабына енді. Диаметрі небәрі 2,96 мм, ал салмағы 0,063 г болатын бұл тиын "әлемдегі ең кішкентай монета" атанды.

Н. Үсенова