Бағалы металдар

Бағалы металдар

Менделеев кестесінде 118 химиялық зат бар. Оның басым көпшілігі – металл. Бүгінде 90-нан астам металдың түрі бар екені белгілі. 

Алюминий секілді металл оңай өндіріледі, нарықтағы бағасы арзан болады. Ал кейбір металл табиғатта таза күйінде кездеспей, тек зертханада өндірілгендіктен өте қымбат. Осыған орай әлемдегі ең қымбат металдар топтамасын ұсынамыз.

Индий

Сирек кездесетініне қарамастан бағасы аса қымбат емес. 1836 жылы ашылған металл мырыш, қорғасы, мыс және қалайы кені тобына жатады. Таза күйінде ақ түсті әрі жылтырақ болады. Бүгінде индийді өндіруде Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония елдері көш бастап тұр. Нарықта килограмы 250 доллардан жоғары тұрады.

Күміс

Ғалымдар адамзаттың күмісті қашан қолдана бастағанын дөп басып айта алмай келеді. Табиғатта күміс таза күйінде де, басқа металмен қоспа күйінде де кездесе береді. Бағасы қымбат болғанына қарамастан өндірістің көп саласында қолданылады. Күмістен зергерлік бұйымдар, тиындар жасауда және электронды техника мен стоматологияда сұранысқа ие. Килограмы 400 доллардан жоғары.

Иридий

Иридий – баяу балқитын ауыр металл. 1803 жылы ашылған. Негізінен Оңтүстік Африкадағы платина кендерінде кездеседі. Жалпы әлем бойынша жылына иридийдің тек бір тоннасы өндіріледі. Иридийді таза түрінде көп қолданбайды, сол себепті плантинамен қосындысы жасалады.

Иридий мен платина қоспасы әдемі болған соң,әрі тозбайтындықтан зергерлік бұйымдарды жасау үшін қолданады. Сондай-ақ, бұл металл хирургиялық құралдар, аэроғарыштық технологиялар және электроника өндірісінде сұранысқа ие. Килограмы 600 доллардан жоғары.

Палладий

Иридиймен бір уақытта ашылған палладий – күміс түсті металдың бір түрі. Палладий мен алтынның қоспасы зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Оған қоса түрлі тиындар жасалады. Медицинада палладий жүрекширатқыш пен жасанды тістерді жасау үшін қоладанады. Килограмы 14 000 доллардан жоғары.

Платина

Адам баласы XVI ғасырға дейін платина металының бар екенін білмеген. Дегенмен платина кейбір халықтың қолданысында ежелгі заманнан бері бар. Ақ түсті металл тек басқаларымен қоспа күйінде ғана кездеседі. Сырт келбетінің әдемілігінің әсерінен XIX ғасырда сұраныс арта түсті. Қазіргі уақытта Оңтүстік Африкада, Ресей, Канада және АҚШ-та кеңінен өндіріледі. Платинадан естелік тиындар жасалады. Техника жасауда да сұранысқа ие. Килограмы 21 000 доллардан жоғары.

Алтын

Біздің заманымыздан 9500 жыл бұрын алғаш қолданылды деп топшылайды ғалымдар. Табиғатта таза күйінде кездеседі. Бүгінде алтын бағалы металл ретінде белгілі. Негізінен зергерлік бұйым жасағанда қолданылады. Оған қоса тоқты өткізу қабілеті жоғары болғандықтан электроника өндірісінде сұранысқа ие. 

Алтынды өндіруде Қытай, Аустралия, Ресей мен АҚШ мемлекеттері көшбасшы қатарда. Ежелден байлықтың негізгі нышаны болып келе жатқан алтынды бүгінде мемлекеттер мен алпауыт қаржы ұйымдары жинайды. Қоры алтынға бай елдер кез келген дағдарыстан аман өтетініне сенімді болады. Өйткені бұл металл экономикалық тоқырауларға шыдамды, өз бағасын мәңгі сақтайды. Килограмы 28 000 доллардан жоғары.

Калифорний 

Әлемдегі ең қымбат металл – калифорний. Алғаш 1950 жылы ғалымдар өндіріп алған. Қазір жылына калифорнийдің тек 20-40 микрограмы өндіріледі. Ал әлем бойынша калифорний қоры тек 8 грамды құрайды екен. 

Калифорнийдің килосы 250 доллар миллионды құрайды екен. Неге қымбат дейсіз ғой? Өйткені калифорнийді өндіруші әлемде екі-ақ ел бар. Ресей мен АҚШ аумағында орналасқан ядролық реакторларда калифорнийді өндіреді. Бұған қоса бір грамм калифорний атам реакторының жарты қуатын өндіре алатын күшке ие. 

 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

"Уланған" көлдер
Marhaba Sabi – Mi, Qi