Қан туралы қызықты деректер

Қан туралы қызықты деректер
Фото: BestVix

Адам ағзасы құпияға толы. Күн өткен сайын түрлі сырын ашып, бізді таңғалдырудан жалықпайды.

Адам 40% қанын жоғалтса да, тез арада қайта қан құйса, аман қалу мүмкіндігі бар.

Қан плазмасы құрамы жөнінен кокос суына ұқсайды.

Көп жағдайда дүйсенбі күні жүрек талмасы ұстайды. Бұл жұмыс күні басталуынан болатын стреске байланысты.

Зерттеушілер некенің баянды болуы қан тобына да байланысты екенін анықтады. 2 мен 4, 2 мен 1 қан тобындағылар қосылса, ауыз біршілік мықты болатын көрінеді.

Екінші қан тобындағыларда холестерин мөлшері көп болады.

Торонто ғалымдары диетаның қан тобына қатысы жоқ екенін дәлелдеді.

Құлағымызға ұлудың қабыршағын тақағанда ешқандай теңіздің дауысын емес, өз бойымызда ағып жатқан қанның дауысын естиді екенбіз.

Антарктидадағы балықтардың қаны ақ түсті болады. Оның құрамында гемоглобин болмайды, сол себептен суыққа төзімді.

Масалар да адамды қан тобына қарай таңдап шағады, оларға бірінші топты қан иелері көбірек ұнайды.

Ежелгі Египетте перғауындар түрі қанға ұқсайды деп шарап ішпеген.

@. @assel_assanova