Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Әйелдер ерлерге қарағанда неге ұзақ өмір сүреді?

Әйелдер ерлерге қарағанда неге ұзақ өмір сүреді?

Әйелдер ерлерге қарағанда неге ұзақ өмір сүреді?

Қарапайым ғана, болмаса қажет емес-ақ сұрақ. Бірақ қызықты да. Себебі статистика бойынша әйелдер ерлерден ұзақ өмір сүреді. Бұл біздің елімізде де байқалады.

Әлемнің көптеген елдерінде әйелдердің орташа жас мөлшері ерлердікінен жоғары. Қазақстанда да статистика бойынша ерлердің орташа өмір сүру жасы - 67, әйелдердің орташа жасы шамамен - 72 жас.

Жақында Калифорния университетінің ғалымдары орташа жас мөлшеріне байланысты сұраққа жауап іздеп көріпті. Зерттей келе әйелдердің ұзақ өмір сүру себебі эстроген гормонына байланысты деген тұжырымға келген. Әйелдердегі бұл гормон жасушалардың қартаюын тежейді. Сондай-ақ хромосомадағы генетикалық ақпарат бойынша әйелдердің дене жасушалары ерлердікіне қарағанда баяу қартаяды екен.

"Эстроген адам ағзасын қалыпты сақтауына, ферменттердің белсенді жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Бұл гормонның ағзада көбірек бөлінуі жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтырмайды. Одан өзге сүйектің қалыпты дамуына да зор көмегі бар", - дейді зерттеуші ғалымдар.

Калифорния университетінің мамандары ерлердің әйелдерден аз өмір сүруінің тағы бір факторы ретінде темекі мен алкогольді ішімдіктерді атаған.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: vladtime.ru
Қосылған күні: 05 қазан 2018, 12:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.