Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Таргетинг деген не?

Таргетинг деген не?

Таргетинг деген не?

Таргетинг, таргетингтік жарнама сөзін бизнес ортада, сауда мен әлеуметтік желіде жиі кездестіреміз. Оның қыр-сырын білу үшін арнайы зерттеу мен аналитика қажет.

Ендеше бірінші "таргетингтік жарнама" терминінің мағынасын түсініп алайық. Таргетингтік жарнама дегеніміз – белгілі бір аудитория бойынша ғана сіздің жарнамаңызды көрсету. Мысал ретінде, сіз ерлерге арналған қол сағат сатасыз деп алайық. Ол үшін бірінші не істейсіз? Әрине тауардың аудиториясын зерттеп аласыз, себебі кез келген таргетингтік жарнаманың сәтті шығуы негізгі аудиторияға қаншалықты дәл түскеніңізге байланысты болады. 

Сіздің сататын тауарыңызды алатындар мынадай аудиторияда тұрады деп болжап қарайық:

– Сатып алатындардың көбі: ер адамдар

– Жас шамасы: 18 бен 25 аралығы

– Үйленбеген

– Тұратын елі: Қазақстан

– Тұратын қаласы: Алматы

Осылай 5 қана, критерий арқылы аудиторияны алып қарайық. Келесі кезеңде таргетингтік жарнама, жазылған критерийлер бойынша жасалады. Яғни сатып алатындар ер адамдар, жасы 20-27 аралығында деген сияқты. Таргетингтік жарнаманы іске қосқан кезде, сіздің жарнамаңызды сіз белгілеген адамдар ғана көреді. Яғни ер адамдар, жасы 18-25 деп белгілесеңіз, сондай аудитория ғана сіздің жарнамаңызды қарайды.

Таргетингтік жарнаманы қай жерге жасауға болады?

Таргетингтік жарнаманың негізгі көздері – әлеуметтік желілер. Кез келген танымал әлеуметтік желіде жарнама беруге болады. Соның ішінде біздің елімізде ең көп қолданылатын: Вконтакте, Facebook, Instagram желілері де бар.

Таргетингтік жарнаманың тиімді жақтары

Егер сіз тауар сатумен немесе сол сияқты жарнаманы қажет ететін істермен айналысатын болсаңыз, бұл сіз үшін тиімді шешім болмақ.

Екінші тиімді жағы, бұған аз шығын шығарып, көп пайдаға кенелуге болады. Мысалы, Вконтакте әлеуметтік желісінде таргетингтік жарнама жасау үшін, минимум, 2800 теңгедей саласыз. Ал жарнаманы максималды түрде тиімді етіп жасай алсаңыз, 1000 000 тіпті, одан да көп пайда табуға болады.

Таргетингтік жарнаманың тиімсіз жақтары

Таргетингтік жарнамамен айналысу үшін, белгілі бір деңгейде білім қажет. Қазіргі уақытта таргетингтік жарнама жасаудың шеберлері сұранысқа ие, әрі қызметі де қымбат. Егер оңай тәсіл қажет болса, осы саланың маманын жалдасаңыз болады. 

Егер жарнаманы дұрыс жасамайтын болсаңыз, сізге ешқандай тұтынушы келмей қалуы мүмкін.

 Дереккөз: ertai.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: dreamstime.com
Қосылған күні: 30 сәуір 2018, 20:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.