Кеңсе креслосын Чарльз Дарвин ойлап тапқан

Кеңсе креслосын Чарльз Дарвин ойлап тапқан
Фото: google.com

Креслоның ең алғашқы нұсқасын адамды маймылдан жаратылған деп сендіруші ғалым Чарльз Дарвин оайлап тапқан.

1800 жылы ғалым осы идеясымен сол заманның адамдарын қызықтыра алмаған екен. Бірнеше ғасыр өте танымалдыққа ие болған бұл құрылғы қазір дүниежүзі бойынша қолданыста. Чарльз Дарвин ойлап тапқан дүние болғандықтан бұл креслолар да бірнеше эволюцияға бөлінген. Алғаш шыққан креслолар тым қарапайым болса, қазіргілердің тіпті өз функциялары бар. Аптасына 5 күн кеңсе қызметкерлерінің арқа сүйер орындығына айналып кеткен жұмыс креслосы жайлы қызық мәліметтер жетерлік.

Еуропада кресло дөңгелектерімен кеңсе ішінде сырғанау заң бұзушылыққа жатады. Тіпті, Италияда жұмысқа кірер алдындағы келісімшартқа креслоны қолдану ережелері жазылады. Ережені бұзған жағдайда, басшылық қызметкер айлығының 10 процентін ұстап қалады.

АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша, кеңседе жұмыс істейтін бір ғана адам кресло дөңгелектері арқылы кабинет ішінде жылына 13 шақырым жол жүреді екен.

2011 жылы Германияның кеңсе қызметкерлері кресломен еңіске қарай сырғанап өзара жарыс ұйымдастырды. Спорттың жаңа түрі деп әлемге жар салған қызметкерлердің бәйгесі өте қызық әрі мықты бәсекемен өткен. Нәтижесінде төменге 183 м сырғанаған қатысушы жеңіске жетіпті.

Бұл жаңалықты естіген ресейліктер де қалыс қалмай Қазан қаласында "Офис-ралли 2012" турнирін ұйымдастырды. Ойын шарты бойынша қатысушылар жұмыс креслосы арқылы 25 м қашықтықты бағындыруы керек.

Жарысу дегенді естіген "Ferrari" автокөлігінің дизайнерлері бұл жаңалықты қолдау мақсатында өз компанияларның атынан спорттық кресло жасап шығарды. Бұл туынды әлемдегі ең қымбат кресло деп жарияланды. Бағасы – 1,5 миллион доллар. Адамның жайлылығы үшін жасалған бұл креслода отырсаңыз өзіңізді құдды бастық сияқты сезінесіз. Өте ыңғайлы, жұмсақ креслоның тіпті адам бұлшық еттерін қатайтатын қабілеті де бар екен.

Заманына қарай амалы деген осы болар. Ойлау өрісі, даму көкжиегі кеңейген адам баласының тұтынатын, тіпті көзге де ілмейтін тұрмыстық дүниелері уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып жатыр.

А. Қажиев