Адам – жұмбақ әлем #3

Адам – жұмбақ әлем #3
Фото: thedhakatimes.com

Адам – жұмбақ жаратылыс. Адам ағзасы өзі біле бермейтін қызық құпияға толы. Өзімізді адам деп атап, сайран салып жүргенімізбен, өзіміз туралы білетініміз әлбетте аз. Бұл мәліметтер тізбегінің бірін білсеңіз, бірін білмейтін боларсыз. Ендеше, адам туралы қызықты мәліметтер топтамасының үшінші бөліміне кезек берейік. 

1. Адамның бүйрегі мен өтінен алынған бір тастың салмағы 1,36 келі құраған көрінеді.

2. Күлкі – өмірдің сәні. Ол адамның иммундық қуатын күшейтеді. Жас балалар күніне 300 күледі, ал ересектер болса, күніне 15-10 рет қана күліп, жымияды екен.

3. Ерлер әйелдерге қарағанда дальтонизм (көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық) ауруымен 10 есе көп ауырады.

4. Орташа есеппен алғанда 60 жастың 20 жылын адам ұйқымен өткізеді.

5. Жер шарында ек құлағын бірдей қимылдататындар сирек, ал бір құлағын "ойнататындар" өте көп көрінеді.

6. Адамның миында туғаннан кейін 14 миллиардтай жасуша болады және ол өлгенше көбеймейді. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 10 мыңға азайып отырады. кітап, газет оқуға кеткен әр минутта шамамен 70 жасуша өліп отырады.

7. Өте қатты және көз қарықтырар сәуледен адамның көру қабілеті күрт төмендеуі мүмкін. 

8. Кез келген адам түшкірген сәтте оның жүрек соғысы тоқтайды. Ал бұл жағдай тоқтаусыз қайталана берсе, адам инфаркт алуы ықтимал.

9. Бір қызығы, адам баласы көзін ашып тұрып түшкіре алмайды.

10. Адам бойында 2 мыңға жуық сезімталдық және талғампаздық рецепторы бар екен.

Ж. Жұмағұлов