Адам – жұмбақ әлем #1

Адам – жұмбақ әлем #1
Фото: i1.wp.com

Адам – жұмбақ әлем, жұмбақ жаратылыс. Қанша заман өтсе де адам әлемді таңырқатып келеді. Жер бетінде адамнан асқан ақылды, айлакер, данышпан тіршілік иесі жоқ. Біз адамның тылсым табиғатын түсініп болдық па? Күнделікті өмірде өн бойымызда болып жататын жайларға онша мән бермейміз. Адам ағзасы өте күрделі. Осы ретте адам туралы деректерге назар салып көрейікші.

1. Күніне бір қорап темекі шеккен адам жарты кесе битум ішкенмен тең. 

2. Адам басындағы шаштың өмір бойы өсуі мен ұзындығы орташа есеппен алғанда 725 шақырымды құрайды екен. 

3. Ерлердің бойы 130 сантиметрден аспаса, ал әйелдердің бойының ұзындығы 120 сантиметрге жетпеген жағдайда олар ергежейлілердің қатарын толықтырады. 

4. Адамның ДНҚ құрылымы 80 000 генді құрайды. 

5. Адам ағзасында лейкоциттер 2, ал эритроциттер 3-4 күн өмір сүреді. 

6. Адамның әрбір саусағы өмірінің соңына дейін шамамен алғанда 25 миллион рет бүгіледі екен. 

7. Адам жүрегінің көлемі жұдырығындай ғана. Үлкен кісінің жүрегінің салмағы – 250-260 грамм. 

8. Адам ағзасының құрамына 4 минерал: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит кіреді. 

9. Адам бойында өмір сүріп жатқан бактериалардың салмағы шамамен 2 келідей болуы мүмкін. 

10. Адамның миында бір секундта 100 000 химиялық реакциялар өтеді. 

11. Қатты күлген немесе күлімсіреп, жымиған жағдайда ағзадағы 17 бұлшық ет жақсы жұмыс істейтін көрінеді. 

12. Адамның ауыз қуысында 40 000 бактерия жүреді. 

13. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет – тіл. 

14. Адам өмірінде оның терісі шамамен 1000 рет ауысады.

15. Көк көзді адамдар басқаларына қарағанда аурушаң келеді.

Ж. Жұмағұлов