Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Қазақ тілі туралы деректер

Қазақ тілі туралы деректер

Қазақ тілі туралы деректер

Алдымызда 22 қыркүйек тілдер күні келе жатыр. Тәуелсіз еліміз үшін мәні бөлек мерекені насихаттау мақсатында, тілімізге деген құрметті көрсету ретінде ақпарат ұсынайық.

"Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен" деп Қадыр ақын айтпақшы, тіл дегенде тебіренбейтін жандар аз шығар. Тіл – бір ұлттың, тұтас халықтың баға жетпес қазынасы, ең құнды байлығы. Біздің ана тіліміз сан ғасырдан бері түрлі жолдардан, кезеңдерден өтіп, аман-есен бүгінгі күнге жетті. Қазақ тілі жайлы не білеміз? 

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. 

Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары, Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік" еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік" еңбегі, Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық" еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикметі", Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ тұсындағы жазулардан алады.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" дәлел бола алады. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолданып келеді.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілі Қазақстан халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.

Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.

2
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 06 қыркүйек 2017, 15:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.