Сіз – миллиардерсіз. Миллиардты қалай жұмсайсыз?

Сіз – миллиардерсіз. Миллиардты қалай жұмсайсыз?
Фото: 5sfer.com

Миллиарды қалай жұмсауға болатынын білесіз бе? Өзіңізді аяқасты қолына миллиард түскен бақытты жан деп есептеп көріңіз. Оны қалай жұмсайсыз? Қарыз қайтарасыз, әр түрлі киім-кешек, тіпті жаңа саяжай сатып аласыз. Жоқ, бұл жарамайды. Оны басқаша қарастыру керек. Қиялыңыз жетпей жатыр ма? Ендеше, біз сізге көмектесеміз. Бір күн миллиардер болып көріңіз...

2 миллион фунт стерлинг. Ойыншық машина. 

Бұл – ұзындығы 25 сантиметр болатын Bugatti Veyron Diamond атты көлік. Ол алтыннан, платинадан және алмаздан жасалған. Ойыншық машина демесеңіз, мұнда кәдімгі қозғалыстағы көліктегінің бәрі бар. Моделі жүретін көліктен екі есе қымбат. Әрине, мұнымен жүре алмайсыз. Сол жағы сәл-пәл өкінішті. 

600 000 доллар. Шахмат.

Егер шахмат ойнау білмесеңіз, қапаланбаңыз. Салмағы 320 каратқа тең ақ және қара бриллианттардан жасалған көздің жауын алатын сәнді фигураларға қарап, рахаттануға болады. Мұндай шахмат әлемде 8 адамда ғана бар. Ауқатты адамдар оны үйіне сәндік үшін һәм ұялмау үшін теледидардың қасына немесе қонақ бөлмедегі үстелдің үстіне қойып қояды. 

1689 фунт стерлинг. Құлаққап. 

Алдыңғы заттарға қарағанда өте арзан зат. Миллиардерлерге мұндай затты тұтынуға бола ма? Әрине, арзан тұрса да Dr Dre Beats құлаққабына арнайы Сваровски компаниясы өндіретін бедерлі кристаллдар жабыстырылған. 

2,97 миллион доллар. Ұялы телефон.

Бұл британдық дизайнер Стюарт Хьюздың жұмысы – iPhone 3GS Supreme Rose. Ең қымбат тұратын телефонның жиегі салмағы 97,5 каратқа тең алмаспен және платинамен қапталған. Орталық пернесі 7,1 карат алмастан тұрады. Егер мұны абайсызда жоғалтып немесе әжетханаға түсіріп алсаңыз, өте өкінішті болатыны анық. 

25 миллион доллар. Қол сағат.

Уақыт – ақша. Біздің өміріміздегі әр минутымыз бағалы. Бұл әлемдегі ең қымбат сағаттар қатарында. Салмағы 201 карат болатын алмасы бар сағатты сатып алған да арманда, сатып алмаған да арманда. Уақытты қараймын дегенде гауһар тастардың жалтылынан көздің шағылыспауы аса маңызды.

140 миллион фунт стерлинг. Картина. 

Бұл абстрактылы экспрессионист Джексон Роллоктың туындысы әлемдегі ең қымбат картина саналады. Сатып алыңыз да рахаттаныңыз. Бір қарағанда оның жай әшейін сурет дерсіз, алайда ол 140 миллион тұрады. 

8 000 доллар. Қауырсын. 

Ал, бұл бағасы аукционда 8 000 долларға бағаланған Хула құсының қауырсыны. Ия, бұл қауырсындар сұлулығымен ешкімді таңғалдырмауы мүмкін. Десе де олардың саны аз. Мұндай қауырсын да санаулы-ақ адамдарда ғана бар. Кейбір ауқатты адамдардың көңілін алдарқату үшін жақсы құрал. 

16 миллион доллар. Домендік атау.

Егер сізге құстың қауырсыны мен өнер туындысынан да жалықсаңыз домендік атау сатып алсаңыз болады. Бұны ауқаттының ауқаттысы ғана сатып ала алады.  Яғни, жеке атыңызға арнап сайт аша аласыз. Домендік атаулардың Интернет иерархиясының жоғары деңгейінде жоғары деңгейлі домендік атаулардың қатал түрде белгіленген саны тіркелген: 

COM - коммерциялық ұйымдар үшін жоғары деңгейлі домендік атаулар;

ORG - коммерциялық емес ұйымдар үшін жоғары деңгейлі домендік ұйымдар;

NET - деректерді беру желісінің саласындағы ұйымдар үшін домендік атаулар;

GOV - АҚШ-ның үкіметтік және мемлекеттік мекемелері үшін.

MIL - АҚШ-ның Қорғаныс министрлігінің ұйымдары үшін;

EDU - АҚШ-ның білім беру орындары үшін және тағы басқа. 

90 фунт стерлинг. Омлет.

Көл шағаласының әр жұмыртқасы 5 фунт тұрады. Оны тек арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар бар болғаны бірнеше 2-3 апта ғана жинай алады. Жұмыртқадан жасалған тағамдарды лондондық ресторандарда ғана дайындайды. 90 фунтты қымбат деуге келмейді. Бірақ, егер сіз ай сайын омлет жесеңіз 80 жылда 90 000 фунт жұмсайсыз. Ал егер апта сайын жесеңіз 350 000, күн сайын жесеңіз екі еселенген миллион фунт стерлинг құртасыз. Бұл енді бөлек әңгіме. 

390 миллион фунт стерлинг. Саяжай.

Егер шынымен миллиардер болсаңыз әлемде ең қымбат тұратын үйді сатып алатыныңыз анық. Жерорта теңізі жағалауындағы виллалар 390 миллион фунт. Алғашында үй Белгия королі Леопольд II-нің сарайы ретінде салынған. Аумағы көлемді үйдің 30 гектары бау-бақша. Әрине, қиялыңыздағы үйді сатып алсаңыз да өз еркіңізде.  

Ж. Жұмағұлов