«Шығармашылыққа арналған күнделік» деген не?

«Шығармашылыққа арналған күнделік» деген не?
Фото: mirandabeautyworld

Адам Куртц – суретші, графикалық дизайнер шебері. Нью-Йорк қаласының тумасы. «Бір күн – бір бет» кітабының авторы «шығармашылыққа арналған күнделік» туралы өз ойымен бөлісті.

«Шығармашылыққа арналған күнделік» деген не?

Жалпы күнделік – сенің серігің. Ол шынайы дүниені жазуға әрі кейін оны қайта қиялмен өңдеуге көмектесетін көмекші құрал. Біздің миымыз мыңдаған  алуан ойдың жемісінен тұрады. Біз оны қайта еске алу үшін күнделік керек. Ал шығармашылыққа арналған күнделік деп отырғанымыз тек жазу ғана емес, сызу да, сурет салу, шимайлаудан тұратын түрлі кезеңдерді қамтиды. Бұл күнделік сіздің күнделікті жазып жүрген күнделігіңізден әлдеқайда қымбатқа түседі.

Ол не үшін керек?

Шығармашылыққа арналған күнделік – ол сіздің өмірдегі рухани және табиғи денсаулығыңыздың кепілі. Біз тек жақсы сәттерді еске алып, жаман болған күндерді ұмытып кетеміз. Ал бұл күнделік сізді тәубеңізге түсіреді.

Мұндай күнделікті өз қолымызбен қалай жасаймыз?

Арнайы өндірістен шыққан қағазды сатып алудың қажеті жоқ. Ақ қағаз бен қалам болса жеткілікті. Қалған қиял мен ғажайыптарды сіздің миыңыздағы ойлар тудырады.

Өткен жазбаларға оралу қаншылықты маңызды?

Бұл өте маңызды! Себебі сіз өткен жазбаларға, суреттерге қарап өзіңіздің қалай өсіп жатқаныңызды, дамып жатқаныңызды көре аласыз. Бұл сіздің айнаңыз.

М. Ақан