Сәбилер 1 айдан 3 айға дейін жассыз жылайды

Сәбилер 1 айдан 3 айға дейін жассыз жылайды
Фото: vk.com

Әлемде талай қызық бар. Біз білмейтін әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған өзгерістер орын алып жатыр. Бір секунд –бір тағдыр. Үздіксіз үдеріс жүріп жатқан әлем туралы қызықты мәліметтер топтамасын ұсынамыз!

1. Орта есеппен балалар күніне 400 рет күлсе, ересектер бар жоғы 15 рет қана күледі.

2. Жер бетіндегі бес адамның екеуі алғашқы махаббатына үйленеді.

3. Еркектердің 75%-ы, әйелдердің 90%-ы қоғамдық әжетқанаға кірген кезде қолдарын жуады.

4. Орта есеппен бойы ең кішкентай – жапондар, ал ең үлкендер – голландықтар.

5. Ағылшындар басқа халықтарға қарағанда шайды өте көп ішетін халық. Мысалы, америкалықтардан 20 есе көп ішеді.

6. Орташа есеппен адамдар 7 минутта ұйқыға кетеді.

7. Сәбилер 1 айдан 3 айға дейін жассыз жылайды.

8. Әйелдер өздері пайдаланатын опа-далаптың көп бөлігін жеп қояды екен.

9. Көзі көк адамдар қараңғыда жақсы көреді.

10. Әрбір 3 секунд сайын дүниеге сәби келеді.

Ж. Жұмағұлов