ОК сөзі қалай пайда болған?

ОК сөзі қалай пайда болған?
Фото: vk.com

Көпшіліктің неге Ок деп айтатынын білесіз бе? Ең көп таратылған теорияға сәйкес: ОК ағылшын тілінің "Oll Korrekt" деген сөз тіркесінің қысқартылып айтылуынан пайда болды делінеді. Бүгінде ОК сөзі әледмде ең көп қолданылатын сөздер қатарына жатады. 

Негізінде ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес "All Korrect"(бәрі жақсы, бәрі дұрыс) деп жазылады. Ок-ты 1840-шы жылдардағы бостондық газеттер танымал етті. Сөздер мен сөз тіркестерін қалжыңдап қатемен жазу сол кездердің сәні еді.

Аңыз бойынша, кейін Нью-Йорк демократтары президентке үміткер Мартин ван Бюренді (АҚШ-тың 1837 мен 1841 жылдар аралығындағы ел басқарушысы) президенттік сайлауда қолдау мақсатында кеңінен таратты делінеді. Себебі оның лақап аты Old Kinderhook (Кәрі Киндерxук) еді, ал ОК тиісінше оның лақап атының бірінші әріптерінен пайда болған .

Ж. Жұмағұлов