Грек ғалымы Аристотельдің қабірін тапты

Грек ғалымы Аристотельдің қабірін тапты
Фото: inform.kz

Халкидики түбегіндегі көне Стагир жерін 20 жыл бойы қазып келе жатқан грек археологы Костас Сисманидис ежелгі грек философы Аристотельдің қабірін тапқанын мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, қабір 1996 жылы табылған. Алайда ол кезде бұл жерде ежелгі грек философы жерленгені туралы ғана мәлімет айтылған болатын. Сисманидис қазірде бұл қабірдің Аристотельге тиесілі екенін дәлелдейтін жаңа мәліметтер мен айғақтар бар екенін айтты.

Архелогтың айтуынша, ұлы философтың жерленген жері Стагира қаласының солтүстігіне қарай орналасқан. Аристотель сол жерде туған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы