Циклон дегеніміз не?

Циклон дегеніміз не?
Фото: www.zastavki.com

Циклон – ауа қысымы төмендеуінен атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ауа массасы. Оның диаметрі бірнеше мың шықырымға дейін барады.

Циклондағы ауа массасы солтүстік жартышарда сағат тіліне қарсы, ал оңтүстік жартышарда сағат тілімен айналады. Атмосферадағы ауа қысымы төмендеген кезде циклон қуаты азаяды. Циклондар Жердің айналу күшіне қатысты Кориолис күшінің әсерінен қалыптасады. Бауэр теориясына сүйенсек, Жер атмосферасында кем дегенде бір циклон не антициклон болады.

Циклонның тропиктік және тропиктік емес түрі бар. Алдымен полюстерде қалыптасса, оңтүстіктегі тропиктік циклондар Жерорта, Балқан, Қара теңіздер үстінде айналады. Олар көбіне әлсіз болады да, аз уақытта антициклонға айналып кетеді. Циклон ауа райының өзгеруіне негіз болады. Оның орталығында ауа қысымы төмендегеннен кейін, жел орталыққа ауа массасын жеткізу үшін бір бағытпен еседі. Циклон қалыптасқан аймақта лезде бұлт түзіліп, жаңбыр не қар жауады.

Жерде жылына жүзден астам циклон қалыптасып үлгереді. Олар атмосферадағы ауа айналымының тұрақты өзгеруіне себепкер болады. Әдетте циклонның орталығында жылы ауа массасы жиналады. Ал оны суыту үшін жел құйын тәріздес циклонның ішіне суық ауа массаларын жеткізеді. Нәтижесінде жылы ауа жоғарыға көтеріліп, жаңбырға айналады. Бұлттармен айналып, желмен ашық аймаққа таратылады.

Қоңыржай белдеуде орналасқан Қазақстан ауа райына полюсте пайда болатын циклондар әсер етеді. Ресей не Қазақстан аумағында солтүстік полюстен есетін желге кедергі болатын ешқандай үлкен тау жоталары болмағандықтан, біздің елдегі ауа райы айтарлықтай суық. Мысалы, Қазақстанның ендігінде жатқан АҚШ (Нью-Йорк, Бостон), Франция (Париж, Лион) және Канада (Оттава, Торонто) елдерінде салыстырмалы түрде бізге қарағанда жылы. Әрине оған Атлант мұхитындағы Гольфстрим жылы ағысының да әсері бар. 

Ж. Өрісбай