Елді алғаш жылу энергиясымен қамтыған ғалым Шапық Шөкин жайында

Елді алғаш жылу энергиясымен қамтыған ғалым Шапық Шөкин жайында
Фото: np.kz

Қалың оқырманға аты таныс, заты беймәлім екі тұлға бір жылы бір күнде – 1912 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Бірі – Шапық Шөкин, енді бірі – Лев Гумилев.

Шапық Шөкин Шөкіұлы қазақтың энергетик ғалымы. 1964-1967 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болды. «Халық қаһарманы» атағын алған. Сібір өзендері арнасының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұру мүмкіндігі бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеген.

Шапық Шөкин бес ұл, үш қызы бар жарлы отбасында дүниеге келген. Әкесі Баймағамбетов Шоқы білімнің беделін ерте түсініп, отбасындағы материалдық қиыншылыққа қарамастан, үлкен ұлы Ризаны оқуға жібереді. Әкесінің бұл шешімі отбасына үлкен қайыр болып тиеді. 1918 жылы Шоқы Баймағамбетов қайтыс болғанда Риза аяққа тұрып, бүкіл отбасының ауыртпашылығын өз мойнына алып, асырап-бағады. Шапық Шөкин Ташкенттің Ортаазиялық инженер-техниктердің ирригация институтында студенттік өмірдің ащы-тұщысын тата жүріп студенттік пролетарлық бюрода орынбасар қызметін атқарды. Омск қаласында оқып жүріп сол жердегі студент қазақтар жерлестігін басқарды.

Басқа да басқармалық, ғалымдық істері қазақ баспасөзінде жазылып жүр. Қазақ ССР Білім және ғылым академиясында Қаныш Сәтбаев директорлық қызмет атқарғанда қазақ жастарын ғылымға қызықтыра тәрбиеледі, академияда шығармашылық пен достық қарым-қатынас орнатып, өзара тәжірибе алмасу істерін ұйымдастырды. Шапық Шөкіұлы Қ.Сәтбаевқа қолдау бере отырып, Академияның тура жолда дамуына зор үлес қосты. Өзінің «Өмірдің төрт кезеңі» кітабында: «Қаныш Имантаев менің ғылымға құлай берілуіме жол ашты, халық үшін өмір сүруді үйретті. Оның арқасында ғылым тағдырдың сыйы екенін түсініп, жолына оңай түстім», - деп жазған.

Шапықтың ғылымға қызығушылығы жалпы энергетика, су энергетикасы, су шаруашылық-энергетикалық мәселелерден басталды. Осы салада Қазақстан энергетикасы дамуы ғылыми-техникалық болжамының кешенді жүйесін құрды. Сол арқылы елді жылу-энергетика кешенімен қамтудың негізін салды.

@. @assel_assanova