Жер қойнауының байлығы не үшін керек?

Жер қойнауының байлығы не үшін керек?
Фото: vijesti.me

Кейде қарапайым сұрақтың жауабын білмей қалатынымыз бар. Бұл білімнің аздығынан емес, кез келген сұрақтың жауабын білуге ұмтылмағандықтан болып жатады. Ендеше жер қойнауының байлығы туралы түсінікті тілмен баяндап берейік. 

Жер қойнауында жатқан қазына біздің өмірімізге үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, арнайы құмнан ыдыс-аяқ жасайтын әйнек дайындайды. Сағат, темір жолы, автокөлік, ұшақ, кеме темір, қорғасын, титан, никель сияқты металлдардан жасалады. Бұл металлдар кен орындарынан алынады. Ұшақ, автокөлік, кеме бензин, керосиннің көмегімен жүретіні анық. Бұл тұста да жер қойнауының байлығы ауадай қажет. Өйткені бензин мен керосинді мұнайдан жасайды. Үйді жылыту үшін пайдаланылатын газ құбыр арқылы жер астынан келеді. Металлургия, химия, энергетика саласында қолданылатын тас көмір жерден қазылады. Тас көмірдің өзі миллиондаған жыл бойы жер астында жатқан орман мен өсімдіктен пайда болған. 

Жер қойнауының байлығын пайдалы қазба табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу арқылы өндіреді. 

М. Оңғарова