Макадамия жаңғағы туралы не білесіз?

Макадамия жаңғағы туралы не білесіз?
Фото: www.udec.ru

Макадамия жаңғағына алғаш болып неміс ботанигі Фердинанд фон Мюллер анықтама берген. Фон Мюллер жаңғақты аустралиялық досы Джон Макадамның құрметіне қояды. Оған дейін жаңғақтың түрі әртүрлі абориген тайпаларының атымен аталған екен. Атап айтқанда муллимбимби, бумера, киндал-киндал сынды аттары болған. Тек 1930 жылы Аустралияда макадамияны сүйіп тұтынатындар қауымдастығы құрылып, жаңғақтың атауы ресми түрде тіркеледі.

Макадамияның 9 түрі бар. Оның бесеуі Аустралияда өседі. Сонымен қатар, макадамия Калифорния, Бразилия, Оңтүстік Африка мен Гавайяда өсіріледі.

Макадамия органикалық заттарға өте бай. Ол табиғаттың қатаң мінезіне төзімді, бейімделгіш өнім. Айта кетсек, макадамия теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте де (+3С) өсе береді. Дегенмен макадамияның пісіп-жетілуі үшін мұхит желінен (бриз) алыста болғаны жөн. Себебі жағажайда жиі болатын құйын егістіктердің бір мезетте ойранын шығарып жібереді.

Ж. Өрісбай