Жердегі судың 3%-ы ғана ішуге жарамды

Жердегі судың 3%-ы ғана ішуге жарамды
Фото: www.thelistlove.com

Жер – Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар. Көлемі бойынша бесінші үлкен ғаламшар. Ал Жер тобына кіретін ғаламшарлар арасында диаметрі, массасы және тығыздығы жағынан бірінші орынды алады.

• Жердің Экватор бойымен 23,44 градусқа бұрылуынан жаз, күз, қыс және көктем мезгілдері ауысады. Егер Жер тік градуспен айналғанда, ешқандай жыл мезгілі де болмас еді.

• Жердің салмағы – 6 600 000 000 000 000 000 000 000 кг.

• Жерден өзге Күн жүйесіндегі барлық ғаламшар көне құдайлардың есімімен аталған.

• Жер бетінің 72%-ы сумен қапталған.

• Жер атмосфера, литосфера және гидросфера қабаттарынан тұрады. Олар біріге биосфера қабатын құрайды.

• Атмосфераның құрамының 78%-ы азот, 21%-ы оттегі және 1%-ы өзге де газдардан тұрады.

• Атмосфера Жерді Күннің радиобелсенді сәулесінен қорғайды.

• Тынық мұхиты – Жердегі ең үлкен су алабы. Мұхиттың өзі Жердегі бар құрлықтың көлемінен үлкен.

• Жердегі алтын құрамының 99%-ы ядрода орналасқан.

• Миллиондаған жылдар бұрын Жерде бір ғана құрлық болған. Ол Пангея деп аталған.

• Гималай тауындағы Эверест немесе Джомолунгма (8848 метр) шыңы – Жердің ең биік нүктесі.

• Тынық мұхитындағы Мариан шұңғымасы Жердің ең терең нүктесі болып саналады. Адамзат тарихында аталған шұңғымада небары екі адам болған.

• Өзге ешбір ғаламшарда тектоникалық тақта жоқ.

• Жердің қатты қабаты (Литосфера) үнемі қозғалыста болады. Тектоникалық тақталардың қақтығысуынан жер сілкінісі мен жанартаулардың атқылауы орын алады.

• Ең төмен температура Антарктидада тіркелген (-92.2C).

• Ай – Жердің жалғыз табиғи серігі. Бүгінге дейін Айда 12 ғарышкер болып қайтқан.

• Жанартау атқылауының 90%-ы мұхит астында болады.

• Жердегі судың 3%-ы ғана ішуге жарамды болып келеді. Ал оның 90%-ы мұз күйінде сақталады.

• Егер Жер Күннен біршама алыста немесе біршама жақында орналасқанда, мұнда адам баласы тіршілік етпеген болар еді.

Ж. Өрісбай