Әлемдегі жағдайы ең төмен елдер

Әлемдегі  жағдайы ең төмен елдер
Фото: www.huffingtonpost.com

Әлемнің тұтастай дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінде елдер экономикалық даму үдерісіне қарай бөлінеді. Атап айтқанда дамыған (бірінші әлем), орта дамыған (екінші әлем), дамушы (үшінші әлем) және әзірге даму үдерісі байқалмаған елдер (төртінші әлем) деп топтастырылады. Дамыған елдердің қатарында Жапония, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия сынды елдер болса, көптеген Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдері дамушы елдер қатарына кіреді.

Ал төртінші әлемнің елдерінде үнемі ашаршылық, төңкеріс, саяси дүмпу немесе әлеуметтік қозғалыстар орын алып жатады. Бұған елдегі тұрақсыз экономикалық саясат себеп болып отыр. Оған қоса, мұндай елдердің көбіне игеруге табиғи ресурсы болмайды. Әлемнің беделді экономистері ұсынған төртінші әлем елдерінің тізімі мынадай:

1. Азия:
- Ауғаныстан
- Бангладеш
- Бутан
- Шығыс Тимор
- Йемен
- Камбоджа
- Мьянма
- Непал

2. Африка:
- Бенин
- Буркина-Фасо
- Бурунди
- Гвинея
- Гвинея-Бисау
- Конго Демократиялық Республикасы
- Джибути
- Замбия
- Комор аралдары
- Лесото
- Мавритания
- Мадагаскар
- Малави
- Мали
- Мозамбик
- Нигер
- Руанда
- Сан-Томе және Принсипи
- Сомали
- Судан
- Танзания
- Того
- Уганда
- Орталық Африка Республикасы
- Чад
- Эритрея
- Эфиопия
- Оңтүстік Судан

3. Мұхиттық елдер:
- Вануату
- Кирибати
- Самоа
- Соломон аралдары
- Тувалу

4. Солтүстік Америка:
- Гаити

Ж. Өрісбай