5 оптикалық иллюзия (Видео)

5 оптикалық иллюзия (Видео)

Төмендегі видеода көрсетілген оптикалық иллюизияларға назар аударыңыз.

– Видеодағы бірінші иллюзияда қыздың көзінің түсін табуға тырысып көріңіз. Қыздың көздерінің түсі әр түрлі болып көрінеді. Шындығында, олай емес.

–Екінші иллюзияда Том Круздың төңкерілген жүзі көрсетілген. Оның бет-әлпетінен көңіл-күйінің қандай екенін тауып көріңіз.

– Үшінші иллюзияда экранда қанша түс көріп тұрғаныңыз сұралады.

– Төртінші иллюзияда миымыз түстерді түрліше қабылдайтынына көз жеткізесіз.

– Соңында көрсетілген анимацияға ұзақ қарағаннан кейін қолыңызға назар салыңыз.

сурет: youtube.com

Е. Қайрахан