Свастика дегеніміз не?

Свастика дегеніміз не?

Свастика — әлемдегі ең көне әрі ең көп танылған графикалық символдардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін аталған символ барлық құрлықтарда қолданылған. Свастика символы Еуропа мен Америкада латынның төрт «L» әрібінен тұрады деп есептелген. Айта кетсек, Light – жарық, Күн; Love – махаббат, сезім; Life – өмір; Luck – тағдыр, сәттілік, бақыт. Сөздің шығу этимологиясы көне санскрит тілінен бастау алып, «स्वस्तिक» (svastika)  – амандасу, сәттілік тілеу, жақсылық жасау деген ұғымдарды берген.

Свастика күнделікті қажет заттарда, киімдерде, елтаңбалар мен қарапайым үйлердің құрылысында қолданылып келген. Ал алғаш рет полеолит дәуірінде пайдаланылған екен. Ол символ ретінде жақсы мағынада қолданылып келген.

Будда дінінің символы

ХХ ғасырға келіп, свастика нацистік Германия мен нацизмнің символына айналады. Сосын Батыс Еуропада гитлерлік тәртіп пен идеологияның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады.

Үндістандағы Кадасиддешвара ғибадатханасынын табылған таңба (б.з. VIII ғасыр)

Свастиканың әртүрлі ұлттарда көрінісі табуы

Ал 1945 жылы Германияның жеңілісінен кейін көптеген елдерде «» символы қолданылмайтын болды. Ал КСРО-да сватиканы төрт «Г» әрібінен тұратын символ деп түсіндірді. Төрт «Г» екінші дүниежүзілік соғысты бастаған Германия басшылары Гитлер, Геббельс, Геринг және Гиммлер аттарымен байланысты. Расында мұның шындыққа жанаспайтыны белгілі.

Сурет: www.flickr.com

Ж. Өрісбай