Саусақтарымыз неліктен тырсылдайды?

Саусақтарымыз неліктен тырсылдайды?

Саусақтарымыздағы екі сүйектің қосылған жерінде байланыс капсуласы бар. Бұл капсуланың ішінде сол жерлерді майлайтын арнайы сұйықтық бар. Бұл сұйықтық оттегі, азот және көміртегі газдарынан құралған.

Денеміздің ең оңай тырсылдайтын буындары – саусақтарымызда. Олар керілген кезде капсула да бірге керіліп, буындар түзеледі. Капсуланың ішіндегі сұйықтықтың қысымы азайып, газ көпіршіктері жарылады. Біздің құлағымызға естілетін, міне, осы дыбыстар. Көпіршіктерден газдар бөлініп шығады. Іштегі сұйықтық кеңейе түсіп, буындардың әрекет ету қабілеті артады, деп жазады balalaralemi.kz сайты.

Бір саусағыңызды бірнеше рет тырсылдата алмайсыз. Біраз уақыт күтуіңіз керек. Өйткені, газ көпіршіктерінің қайта түзілуі үшін уақыт қажет болады. 


сурет: whstatic.com

Е. Қайрахан