Әлемдегі ең үлкен шыбынды білесіз бе?

Әлемдегі ең үлкен шыбынды білесіз бе?

Екіқанатты немесе нағыз шыбынның  85 000 мыңға жуық түрі бар. Шыбын деп аталатын басқа жәндіктердің екіқанаттылардан ерекшелігі қанатының құрылымында. Әлемдегі ең үлкен шыбын "Mydas fly" деп аталады. Шыбынның бұл түрінің денесі 6 сантиметр болса, қанаттары 10-12 сантиметрге дейін жетеді.

Бұл шыбындарды Оңтүстік Американың ормандарынан кездестіруге болады. Бұлар адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені, оның шаққан жерінде үлкен ісік қалады.

Сурет: commons.wikimedia.org, thehibbitts.net

Ж. Исакаев