Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Аяқ астынан туған өнертабыстар

Аяқ астынан туған өнертабыстар

Аяқ астынан туған өнертабыстар

Ойда-жоқта пайда болып, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған біршама затттар туралы алдыңғы жазбамызда тарқата айтқан едік. Мысалы, тек қана балалардың емес, ересектердің де сүйікті тағамына айналып отырған балмұздақ қалай пайда болды? Қысқатолқынды пешті қашаннан бері қолданудамыз? Сондай-ақ, қытырлақ картопты ең алғаш кім қуырды? Осы секілді қызықты сауалдарға үн қатқан болатынбыз. Бүгінде, сол аяқ астынан дүние есігін ашып, өмірлік тәжірибеден өрілген өнертабыстар  туралы қызықты деректер толқынын одан әрі жалғастырамыз. 

1. Қант алмастырғыш

                      

Сахарин – Sweet’N Low брендінің кәдімгі қанттан 400 есе тәтті жасанды тәттілеуіші. Бұны тас көмірінің шайырын зерттеуші Константин Фальберг жасаған екен. Ұзақ күнгі жұмыстан шаршаған Константин тамақ ішер алдында қолын жууды ұмытып кетіпті. Бөлке нанды алып жесе, күндегі наннан әлдеқайда тәттірек болыпты. Бұл іске таңырқаған ғалым зертханаға қайтадан келіп, тәтті дәмнің неден пайда болғанын білу үшін барлық заттардың дәмін тата беріпті. Нанға ерекше тәтті дәмді берген қолындағы тас көмірінің шайры екенін ең соңында бір-ақ байқаған. Фальберг 1884 жылы сахаринді патенттеп, оны көптеп өндіреді. Қазіргі таңда сусамырлар (қант диабетімен ауыратын) қанттың орнына осы аз калориялы сахаринді пайдаланады.

2. Жазбаға арналған желімді жиекті парақша

Бұл түрлі-түсті керектілер әлем оқушыларының өмірін жақсартты. Спенсер Сильвер бұл ғажайыпты кездейсоқ ойлап тапқан. Сильвер зертханада қызмет атқарады және аса желімдегіш қасиеті бар зат ойлап тапқысы келді. Бірақ ол бетке жеңіл жапсырылып, жеңіл алынатын желімді зат жасайды. Зертханада белгісіз біреу жаңағы желімді қоспаны парақшаға жағады, сөйтіп, біз әдетте «стикер» деп атап жүрген желімді парақшамыз осылай пайда болған.

3. Шоколад пастасы

Италиялық кондитер Пьетро Ферреро жиырмасыншы ғасырдың басында кәмпиттер жасап, жергілікті жәрмеңкеде сатқан көрінеді. Бір күні оның шоколадты тәттілері аптап ыстықта еріп кетеді. Содан кішкене болса да бірнәрсе сату үшін формасыз шыққан еріген шоколад қоспаны нанға жағып береді... Оны халық сүйсіне жейді. Дәл осылай, Nutella шоколад пастасы дүниеге келді. Бүгінгі күні бұл компания оның есімімен аталып, әлемдегі көп сұранысқа ие брендке айналды. 

4. Жүрек соғысын белсендіргіш

1956 жылы Уилсон Грейтбатч жүрек соғысын жазатын құрылғы жасаумен айналысады. Ойда-жоқта құрылғыға қолайсыз кедергіні салып, электрлік қозғалыс күшін тудыратынын байқаған. Кейін жүректің белсенді соғуына ағзаның бұлшық етінің шамасы келмеген сәтте осы электрлі құрылғының көмектесетінін ойлады. Содан 1958 жылдың мамырында алғашқы жүрекбелсендіргіші итке тәжірибеленді. Ол жүзеге асқан соң, медициналық тұрғыда қолданыс тауып кетті.

5. Ермексаз

Бұл негізді түсқағазды тазалау үшін Ной Маквикер аяқ астынан ойлап тапқан. Ол кезде үйлерде алауошақ жиі қосылады, соның әсерінен үйдің қабырғасында күйелер пайда болатын, бірақ Ной Маквикердің туындысымен тазалайтын көрінеді. Ысқышпен жылатын винилді түсқағаз пайда болған соң Ной туындысының керегі болмады. Бірақ, бірде балабақша тәрбиелеушісі оны жабысқыш қасиеті бар бұйым ретінде пайдалануға кеңес береді. Кейін материалдағы жуғыш құрамы алынып, бояу қосылды. Содан Play-doh («Плэйдо») деп аталатын балаларға арналған алғашқы ермексаз пайда болды.

6. Киев  торты

Бір күні кондитер бисквитке қосатын ақуызды тоңазытқышқа салуды ұмытып кеткен. Келесі  таңда бисквит цехының басшысы Константин Никитович Петренкомен 17 жасар кондитер көмекшісі Надежда Черногор әріптестерінің қателігін жасыру үшін, қорқыныштан ба әлде тәуекелдіктен бе, әйтеуір қатып қалған ақуызды, кішкентай шелпек нанды (коржик), майлы кремді, ваниль ұнтағып сеуіп араластырып, үстінгі бетін гүлді оюмен әдемілейді. Кейін бұл торт араға  көптеген онжылдықтар салып Киев қаласының мақтанышына айналған.

7. Супержелім

Бұл зат біздің өмірімізге байқатпай келді, ал қазір осындай клей сынған дүниелерімізді қалыпқа әкеліп жүр. Цианоакрилаттың (супержелімнің ғылыми атауы) Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде пайда болғанын екінің бірі біле бермейтіні рас. Ол кезде нысанаға мөлдір пластик керек болған. Ал америкалықтар Вьетнамда жарақаттарын желімдеп жүрген. Қазір бұл желім тұрмыста жиі пайдаланылады.

 

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 30 наурыз, 17:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.