Токиода тазалықты сүйетін қаһарман пайда болды

Токиода тазалықты сүйетін қаһарман пайда болды

Фильмдердегі суперқаһармандардың негізінен қылмыспен күресетіні белгілі. Ал Токио көшелерінде қоқыспен күресетін қаһарман пайда болды. Оның есімі – Mangetsu-man немесе Толған Ай мырза. Толған Ай мырза алғаш рет 2013 жылы Токио көшелеріне ешқандай жарнамасыз, алдын-ала хабарландырусыз шыққан. Күлгін түсті ерекше киім киген, басында үлкен сары түсті шар бар.

Оның басты қаруы – сыпырғыш пен қалақ және ерікті адамдар. Бұл істі жалғыз өзі бастаса да, жергілікті тұрғындар арасында «жұлдыз» атанып кеткен.

Толған Ай басқа қаһармандар сияқты өз есімін құпия ұстайды. Басқалар дауысын танып қояр деген сақтықпен камера алдында  сөйлемейді. Тілшілер сұхбат алғысы келсе немесе басқа адамдар сөйлесуге ниет білдірсе,  телефондағы арнайы қосымша арқылы тілдеседі. 

Бұл қаһарман Токио қаласындағы ең танымал Ниханбаси көпірін тазалайды. Оның бұл ісін ақпарат көздері Токиода 2020 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының өтетініне байланысты билік пен халықты тазалыққа шақыру деп түсіндіреді. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: cbc.ca, scmp.com

Y. Smaghul