Көлемі 6 метр болатын Гавиал жануарын білесіз бе?

Көлемі 6 метр болатын Гавиал жануарын білесіз бе?

Қолтырауын – суда жартылай өмір сүретін, ірі жыртқыш. Ол жер бетіндегі ең көне жануардың бірі. Әзірге оның 21 түрі анықталған. Тұщы су бар жерде тіршілік етеді. Арасында ашық теңізде өмір сүретіндері де бар.


Аллигатордың тұмсығы қысқа әрі жалпақ. Ең көнесі ретінде қытайлық түрін атауға болады. Саны небары мыңға жетеді.  Ал нағыз қолтырауындардың тұмсығы жіңішке әрі ұзын келеді. Ішіндегі ең атақтысы – нильдік қолтырауын. Оның ең үлкен түрі мүйізтұмсық секілді жануарларды жұтып қоюы мүмкін.


Гавиал дегеніміз – көлемінің ұзындығы 6 метрге жуықтайтын жануар. Жақ сүйегі де өте ұзын әрі жіңішке болып келеді. Олар негізінен балықпен тамақтанатындықтан, адамдарға жоғарыдағы екеуі сияқты қауіпті емес.

Ал сіз қолтырауындардың қандай ерекшелігін білесіз?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай