Күркетауық неге ренжулі?

Күркетауық неге ренжулі?

Күркетауық – көлемі жөнінен өте ірі, салмағы 15 келіге дейін жететін үй құсы. Бұл құс өзінің кербез қауырсынын күйіттеу кезінде, қауіп төніп тұрған шағында немесе ренжіп қалған сәтінде кеңінен жаяды. Ал  мойны қанның ұйып қалу себебінен өлшеусіз үп-үлкен кейіпке енеді. Ол мұндай әрекетті жауларын қорқытып, үркіту  үшін жасайды. Алайда қарсыласы өте күшті болған жағдайда етпетінен құлап, мойнын алға созу арқылы жеңілгенін көрсетіп, аяушылық танытуды сұрайды.

Америкалықтар "күркетауық неге ренжулі?" деген сұраққа жауап іздеді. Ең алдымен, бұл сұрақтың қалай және не себепті пайда болғанын айтып өтейік. АҚШ, Солтүстік Каролина штатының «Greenville» хайуанаттар бағында ерекше бір күркетауық құсы мекен етеді. Сол бір күркетауықтың қылығы адамдарға біртүрлі жат көрінген. Себебі хайуанаттар бағының жұмыскерлері құстарды сыртқа серуендеуге босатқанда ол өзін жоғарыдан төмен қарай құлдилап құлатып, денесін жерге лақтыра соққылай береді екен. Ол аз дегендей оның мінез-құлығы тым қатыгез және өте ашуланшақ болып өзгерген. Бұл күркетауықтың хайуанаттар бағында пайда болғанына біршама уақыт болған. Құстың ажары таңдай қақтырарлық. Сондықтан да хайуанаттар бағының меңгерушісі құсты ауыл фермаларының бірінен жолықтырып, 300 долларға сатып алған. Алайда бұрынғы иесінің сөзіне сенсек, күркетауық өзін байсалды, салмақты ұстайды екен. Бірақ, арине, бұл мінездемеге сену өте қиын. Құстың өміріне алаңдаулы құсбегілер ғалымдарға көмекке жүгінеді. Зерттеу барысы барлық мүмкін деген болжамды сан соқтырды. "Күркетауық неге ренжулі?" деген сұрақтың жауабы өте қарапайым болып шықты. Ерекше күркетауық аталып кеткен құс жай ғана тауыс құсын көрген сайын өзінің әсем ажарына көңілі толмайды екен. 

Күркетауық жайлы қызықты деректер:

- Зерттеулерге сәйкес, күркетауықтың асқазаны шыны, темір секілді қатты заттарды қорыта береді;

- Еркек күркетауық күйіттеу кезінде аналық күркетауықты өзіне қарату үшін жүріс-тұрысын ерекше ұстап, өне бойын дірілдетіп, қанаттарын жан-жаққа сермей бастайды;

- Күркетауықтың түсі неғұрлым ашық болған сайын, соғұрлым сотқар, бұзық болады. Соған қарап құстың мінезі мен байсалдылығын біле аламыз. Төбелесіп қалған шағында олар сүйкімсіз қалыпқа еніп, бар ашуын сыртқа шығарады;

- Күркетауықтарда "жерде жатқанды ұрып жығуға болмайды" деген түсінік бар, сол себепті күркетауық мойнын алға қарай созып жата қалса, жеңілісін еркектікпен мойындағаны;

- Бұл құстарды бір жерге топтастырып өсіру үшін әрқайсысына кемінде бір шаршы метр жер керек. Мұнымен қатар, күркетауық ауа-райының өзгеретінін бірден сезеді. Егер құс дене-бітімін дұрыстап, өзін жинақтай беретін болса, ауа-райы нашарлайды деген сөз.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең ақылды 10 жануар

Жаңа Гвинеяны жұмақ құсы мекен етеді

Амазонкада көрінбейтін көбелек өмір сүреді

Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.fotokanal.com

Қ. Бүйенбай