Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді

Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді

Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Ямайка мен Тринидад елдерінде «Алып сколопендра» деп аталатын қырықаяқ өмір сүреді. Оның ұзындығы 26 сантиметрге дейін жетеді. Қырықаяқтар тіпті тышқан, бақа, құс, кесіртке секілді жануарларға шабуыл жасай береді екен. Олар улы болып келгендіктен қауіпті жануар түріне жатады. Әсіресе, ұрғашы қырықаяқтардың уы күштірек. Сколопендра адамды шағып алған жағдайда адамның аман қалуы екіталай.

Оның ағзасы 21-23 бөліктен тұрады. Негізгі түсі – қоңыр немесе қызғылт-сары. Әр бөлікте сары түстен тұратын жұп аяқтар бар. Қырықаяқтың артқы аяқтары жүн секілді қылтанақтармен қапталған, ол жерге жақсы бекініп жүру үшін керек. Оның жұп аяқ буындары уақыт өте келе аяқ қабыршағына айналған. Улы желбезектер тап сол аяқ қабыршақтарында орналасқан.

Сколопендра өз қорегін алдыңғы аяқтарымен ұстайды. Қорегін қолға түсіргенде улы қабыршақтарымен құрбанын шағып өлтіреді. Қорегі жан тапсырғаннан кейін қабыршақтарында орналасқан ферменттерімен азығын қорыта бастайды.

Қырықаяқтың уының құрамында: лецитин, гиалуронидазу, ацетихолин, гистамин, серотонин, термолизин секілді улы химиялық заттар бар. Мұндай у түрі төменгі температурада күштілігін жақсы сақтайды. Алайда жоғары градуста улылық қасиетін жоғалтады. Сколопендра адамды шағып алатын болса, шаққан жері ісініп, қызарып қатты ауырады. Ауру белгілері тек бірнеше сағатқа қана созылады, бірақ ұрғашы қырықаяқ шағатын болса, онда ауру бірнеше күндерге ұласып кетеді. Ондай жағдайда адамдардың басы ауырып, дене қызуы көтеріледі.

 

 Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: forum.zoologist.ru

Н. Нұрмаханұлы