Instagram-фотографтар

Instagram-фотографтар

Көбіміз Instagram атты мобильді қосымшаны достарымыз арасында фото жаңалықтармен бөлісу үшін ғана қолданамыз. Таныс адамдарды, достарымызды, танымал кісілердің суреттерін қарап, кімнің не істеп жатқанынан хабардар боламыз. Бірақ осы қарапайым қосымшаны өнерге де айналдырғандар аз емес. Қарпайым iPhone-ға суреттер түсіріп, оны Instagram-ға шығарып танымал болған фотографтарды біліп жүріңіздер. 

@janske 

@samhorine 

 

Instagram суретке түсіру өнерін баршаға ашық және қолжетімді қылды. Осы мүмкіндікті қолданып жүргендер аз емес екен. Егер сіз Instagram-да құрбыларыңыздың "дак-фейстері" мен түскі ас суреттерінен шаршасаңыз, Instagram-ды өнер деп түсінетін адамдарды оқып, iPhone-фотографтардың өнерін тамашалаңыз. Осылайша күнделікті лентаңыз нағыз галереяға айналады.  

@michaelchristopherbrown 

@trashhand

Мүмкін осы суреттер сізді шабыттандырып, сіз де қолыңығзға смартфоныңызды алып, жақсы, сапалы, баршаға қызықты суреттер түсіре бастарсыз? Егер фотограф болу сіздің арманыңыз болса, ол үшін үлкен айналы фотоаппарат пен студияның қажеті жоқ, тек шабыт, ниет және Instagram қажет. 

@othellonine 

 

@ravivora

Суреттер: instagram.com

С. А