Әр қазақтың баласы білуі тиіс нәрсе

Әр қазақтың баласы білуі тиіс нәрсе
Фото: Ернар Алмабек

Қазақ халқының ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр. Дархан даламыздың жазылмаған заңдарын білесіз бе? 

1. Беру керек: 

Үлкенге – сәлем,
Қуантқанға – сүйінші,
Қуанышқа – шашу,
Соғымнан – сыбаға,
Егіннен – кеусен,
Малдан –көгендік,
Балаға – базарлық,
Киімге – байғазы,
Сәбиге – көрімдік,
Төркіндеген қызға – қалауын,
Жаңа көршіге – ерулік,
Досқа – естелік,
Жетімге – қолқайыр,
Мүсәпірге – садақа, 
Байлықтан – шүлен үлестіру,
Тойға –сияпат,
Жас босанған анаға – қалжа,
Сағынғанға – сәлемдеме береміз.

2. Сұрау керек: 

Құдайдан – рақым,
Пайғамбардан – шапағат,
Қыдырдан – бата,
Аңшыдан – сыралғы,
Сырқат жанның – көңілін,
Қарттың – қал-жағдайын,
Жетімнің – жай-күйін,
Саудың – амандығын,
Ағайынның – бүтіндігін,
Олжадан – тәбәрік,
Қонақтан – бұйымтай сұраймыз.

3.Тілеу керек: 

Барға – тәубе,
Жоққа – сабыр,
Ауырға – төзім,
Жақсылыққа – алғыс,
Болашаққа – сенім,
Жетістікке – шүкір,
Өткенге – салауат,
Қалғанға – береке,
Басқа – амандық,
Денге – саулық тілейміз. 

А. Жапатова