Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Келе жатқан ұстаздар күнінің қарсаңында Астанада Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан салтанатты жиын өтті.

Шара аясында еліміздің білім беру саласында көп еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Бұл абыройға Астана қаласындағы  №54 мектеп-лицейінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Бақыт Түлкібаева мен №60 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Стелле Прядко ие болды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль №50 мектеп-лицейінің тарихшы ұстазы Рабиға Иманқұловаға, №36 орта мектебінің директоры Вадим Моторинге және Астана қаласының білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Әсият Қоржықоваға бұйырды.

а

"20 ғасырдың айтулы ұстазы Мария Мантиссо: "Бізді мәдениетке үйреткен адам ұстаз емес, әрбіріміздің бойымызда тұнып жатқан талант пен индивидуалдықты оята білген адам ғана нағыз үйретуші", - деп насихат етіп кеткен. Сіздер өскелең ұрпақтың бойынан осы қасиеттерді оята отырып, жаңа Қазақстанның жаңа азаматтарын тәрбиелеп жатырсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты арманы - еліміздің гүлденуінің басты кепілі сіздердің еңбектеріңіз. Сол үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, бақытты болыңыздар, қуаттарыңыз сарқылмасын", - деді Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде.

Сонымен қатар, №38 мектеп-лицейінің математигі Сұлушаш Ыбыраева, "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Нұрлан Тәженов, "Әлем" балалар бақшасының тәрбиешісі Надежда Гниненко, №59 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Даниярова секілді ұстаздарға Білім және Ғылым Министрлініің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Тағы да 8 оқытушы министрлік атынан құрмет грамоталарымен марапатталды.

Шара ары қарай мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astana.kz