Марапат күтпейтіндерді марапаттаңыз (видео)

Марапат күтпейтіндерді марапаттаңыз (видео)
Фото: gamebomb.ru

Жаңа жыл қарсаңында Ferrero Rocher компаниясы бүкіл әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен бейнеролигін жарыққа шығарды. 

Бейнероликте теңіз жағаларында кемелерге биік мұнарадан белгі беру шамын жағып, жол көрсететін адамның бір күндік өмірі көрсетіледі. Ол өз қызметіне адал берілгені соншалық, ешкімнен ешқандай марапат күтпейді. Тіпті, жұмыс барысында ол ешкіммен кездеспеген. Бірақ мереке жақындағанда Ferrero Rocher компаниясының арқасында кездейсоқ кішкене оқиға орын алады. 


Бұдан мағына іздеп әуре болмай, жай ғана көріңіз. Айтпақшы кейіпкерлер теңіз саласы мамандығын игерген өмірде бар шынайы адамдар. Бейнеролик өмірде өз қызметін адал атқарып, бірақ көп жағдайда көлеңкеде қалып қоятын жандарға арналған. Мейлі қызметтері жай яки қиын жұмыс болсын, олар өз қызметін бұлдамайды. Ешкімнен ештеңе күтпейтін, жай ғана қызметіне адал жандар қандай марапатқа да лайық. Біздің де әрқайсысымыздың өмірімізде осындай адамдар бар екені шындық. Сізге де ерекше әсер ететініне бек сенімдіміз. Көріп болған соң, марапат күтпейтін шынайы жақындарыңызды һәм достарыңызды марапаттаңыз! 

Ж. Жұмағұлов