Ата-аналарға бірер кеңес

Ата-аналарға бірер кеңес
Фото: www.islam-orkeniet.kz

Үйіңізде кішкентай бала болса, бұл қағидалардың сіз үшін көмегі көп. Баланың бір орында отырмайтынын өте жақсы білесіздер. Оларды бір сәтке болса да көзден таса қалдыруға болмайды. Өйткені, олар әлсіз әрі дәрменсіз келеді. 

Бала еңбектей бастаған кезде үйдегі артық заттың бәрінен құтылыңыз. Сәбилер шамамен жетінші айға келгенде еңбектей бастайды. Сондықтан, төмендегі мына қағидаларды міндетті түрде орындаңыз.

- Розеткаларды қауіпсіздендіріп, сыртын арнайы құрылғылармен қаптаңыз;

- Дәрі-дәрмектер мен жуынатын заттарды баланың қолы жетпейтін жерге немесе есігін аша алмайтын шкафқа салып қойыңыз;

- Электр арқылы жылу беретін құралдарды көп қоса бермегеніңіз жөн. Өйткені, олардың сырты қатты ыстық болады. Бала күйіп қалуы мүмкін;

- Ыстық сорпа немесе шай құйылған ыдыс-аяқты баланың қолы жететін жерге қоймаңыз.

- Ешқашан үтіктің бауын салбыратып қалдырып кетпеңіз.

Ж. Исакаев