Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ұрпағыңа жол көрсеткің келсе...

Ұрпағыңа жол көрсеткің келсе...

Ұрпағыңа жол көрсеткің келсе...

Қоғамның қоғам болып ұйып отыруының басты шарты жұрттың бір-бірін құрмет тұтуына келіп тірелетін шығар. Ал халықты бір ойдың, идеяның астына біріктіріп отыратын тұлға әр заманда қажет.

Бүгін назарларыңызға бір ұлт түгілі, бүкіл адамзатты аузына қаратқан данышпандардың тәрбие туралы айтқан ой-толғаныстарын ұсынамыз.





  1       Дұрыс тәрбие ала алмаған адамды қайта тәрбиелеу көп күш пен жігерді талап етеді. Я.Коменский 




  2       Жақсы тәрбие беру балаға тамақты шашпай ішуге үйретуде емес, дастарханға асын төгіп алған адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, оны елемеуге баулуда. А.Чехов 




  3       Біреудің тәрбиесіздігін бетіне басып, шу көтерген адамның, әлбетте, өзі де оңып тұрған жоқ. Г.Ю.Цезарь 




  4       Ұлыңызға адамшылық қағидаларын үйретпей, құр білім берер болсаңыз, қоғамға қауіпті аң тәрбиелеп шығасыз. Т.Рузвельт 




  5       Қоғамның өркендеуі әр отбасындағы тәрбиеге байланысты. Джон Локк 




  6       Адамды Жаратушы жасап шығады. Бірақ оны дамытатын, не кері кетіретін тек қана қоғам. В.Г.Белинский 




  7       Балаңызды құр тиымдармен тәрбиелегеннен гөрі, жақсылықты көрсетіп, соған ынтықтыру арқылы жолға қойыңыз. Жан Жак Руссо 




  8       Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді. Сенека 




  9       Өзің істемейтін нәрсені, өзгеге таңба. *** 




10       Ұрпағына жақсы тәрбие бергісі келетін адам өзін дамытып, өркенетсін. А.И.Острогорский 




11       Баламызды алдымыз өзіміз үйретіп, жолға қоямыз. Жасымыз ұлғайғасын, ұлдарымыздан кейбір нәрселерді үйрене бастаймыз. Я.Райнис 




12       Ата-ананы дүниеге әкелетін - сәби. С.Ежи Лец 




13       Әр адамның қалыптасуына екі түрлі тәрбие әсер етеді. Біріншісі, қоғамның, айналаның, ата-анасының берген тәрбиесі, екіншісі және ең маңыздысы - әркімнің өз-өзіне беретін тәрбиесі. Э.Гиббон 




14       Біреуге жол көрсету өзіңді тәрбиелеуден де қиын. М.Монтень 




15       Әр тәрбие беруші өзінің бала кезін әрқашан есінде ұстап жүрсін. М.Эбнер-Эшенбах 




16       Таза жүректі сәбилер сіздің қаталдығыңыздан қорқып, жиіркенбейді. Олардың көңілін қалдыратын жалғыз нәрсе - жалған ниет бен өтірік сөз. Л.Н.Толстой



Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: zastavki.com

3156 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 шілде 2012, 18:02
Пікірлер
+0
09 шілде 2012, 22:06

Өзің істемейтін нәрсені, өзгеге таңба. *** дегенді қарайтып қойыпсың :lol:

+0
10 шілде 2012, 01:29

маған қатты ұнады

+0
10 шілде 2012, 10:09

Ата-ананы дүниеге әкелетін - сәби :?

+0
10 шілде 2012, 10:13

...Олардың көңілін қалдыратын жалғыз нәрсе - жалған ниет бен өтірік сөз. Осымен келісемін. Бірде өзімде байқамай ұлыма өтірік айттым. Бірақ оны біліп тұрған балам "мама, өтірік айтпашы, сен неге өтірік айтасын? сен маған айттың ғой өтірік айтуға болмайды деп" жылағанда жанымды қоярға жер таппағам... қазіргі балалар бұрынғы біз сияқты емес. бұл заманның баласын тәрбилеуде асқан ұқыптылық керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...