Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Қорқыныштан айықсаң...

Қорқыныштан айықсаң...

Қорқыныштан айықсаң...

Әр адамның жүрегінде әр түрлі қорқыныш болуы мүмкін. Бірі басқа түсуі мүмкін қиыншылықтан қорықса, енді бір адам сүйгенінен, жақындарынан айырылып қалудан өлердей қорқады.

Қалай болғанда да, әркімнің жүрегінде ең болмағанда, бір қорқыныш бар шығар. Осы орайда назарыңызға осы тақырыптағы адамзат мақтаныштарының айтқан кейбір ой-пікірлерін ұсынғымыз келіп отыр:

 

 1       Қорқыныш тұмау секілді бөтенге жұғатын нәрсе. И.В.Гёте 




  2       Қорқыныш - адамның дамып, өркендеуінің басты дұшпаны. Түрлі қорқыныштан құтылса ғана әркім еркін түрде алға ұмтылып, дамып, жоғарылай береді. Х.А.Ливрага 




  3       Қорқақтар өмір сүрмейді, - тірлік қылады. Олай қорқынышпен сүрілген өмірден өлік жақсырақ. Ошо 




  4       Қорқынышпен өмір сүретін адам - жарымжан жан. Ондай адам ұлы мақсаттар ойлап, үлкен жоспарлар жасай алмайды. К.Антарова 




  5       Қорқыныш жігерсіздіктен пайда болады. Б.Спиноза 




  6       Қорқыныштың көзі - бізді қорқытушыда емес, өзіміздің жүрегімізде. Д.Х.Джебран 




  7       Бізді қорқытуға тырысатын адамның шындығында өзі қорқақ болып келеді. Ошо 




  8       Қорқақ адам ғана бөтенді қорқытуға тырысады. Эмерсон 




  9       Қорқынышпен өмір сүретін адам қорқып, үркіп жүріп, дүниеден өтеді. Леонардо да Винчи 




10       Зұлымдық қорқытушыда емес, қорқушыда көбірек болады. Цицерон 




11       Қауіп-қатер одан қорыққанға адымдап жақындай береді. Б.Шоу 




12       Біздің қорқынышымыз қауіптенген нәрсемізді одан сайын жақындата түседі. Б.Рассел 




13       Бақытсыздық келуінен қорқып, үркіп жүру бақытсыздықтан да жаман әрі қайғылы. Т.Тассо 




14       Ештеңеден қорыққың келмесе, алдымен өмірдегі кез келген нәрседен қорқа беруге болатындығын түсін. Сенека 




15       Адам жүрегінен қорқыныш пен ашу кеткен кезде адам өзінің табиғи қалпына түседі. Ол қалыптың аты - махаббат. Д.Мельхиседек 


 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mygazeta.com

2516 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 12 маусым 2012, 20:43
Пікірлер
+0
12 маусым 2012, 19:04

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан...
Немене бәрің Массагетке "внештатқа" жұмысқа кіріп алғансыңдар ма???

+0
13 маусым 2012, 00:10

Адам жүрегінен қорқыныш пен ашу кеткен кезде адам өзінің табиғи қалпына түседі. Ол қалыптың аты - махаббат. Д.Мельхиседек :!:

+0
13 маусым 2012, 12:19

анау, Ошоның айтқаны онсыз да белгілі нәрсе ғой, жаңалығыңдысс :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...