Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді...

Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді...

"Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді" деп жатады білгіштер. Расында да солай... Бар әңгіме сол қателіктерден сабақ ала білуге келіп тірелетін шығар...

Осы орайда оқырмандарымыздың ойын толқытып, қозғау мақсатында осы туралы адамзат ойшылдарының кейбір пікірлерін ұсынамыз:

 

1. Қателеспейтін адам жоқ. Қателіктен әр адам сабақ ала білу керек. Басқа түскен ауыртпашылыққа шыдай алмай, езіле берген адамнан артық ақымақ жоқ. Цицерон 


2. Ешкім өмір бойы ақымақ болмайды. Бірақ кей-кейде ойын сөндіріп, ақымаққа айналып жататындар көп.  Д.Герберт 


 3. Шындықты іздеген адам қателікке дайын болғаны жөн. И.В.Гете 


4. Ақылды адам ғана ыңғайсыз жағдайға қала алады. Ақымақ өмір бойы сол күйде жүреді. Белгісіз автор


 5. Өз қателігін көріп, мойындай алған адам бір қадам даналыққа жақындайды. Белгісіз автор


6. Сыннан қорқып, пікірін айтпайтын адам, шындығында өз ойына сенімсіз жан. У.Филлипс 


7. Бөтеннің қудалауынан соған шынымен лайық адам ғана қорқады. Ф.Ларошфуко 


8. Сенің ешқандай кемшілігің жоқ болса, сол сенің басты кемшілігің. Белгісіз автор


 9. Кемшілігімізді көрсетпей, құпия сақтағаннан абыройға ие бола алмаймыз. Біздің шынайы қалпымыз ғана бөтеннің құрмет, мейірімін тудырады. Г.К.Лихтенберг 


10. Кемшілігімізді құпия сақтауға тырысу арқылы біз оны әлемге паш етеміз. В.Зеланд 


11. Шеміршексіз балық болмайтыны секілді кемшіліксіз адам болмайды. Ф.Ницше 


12. Біздің кемшілік, қатемізде, шындығына келгенде ешкімнің шаруасы жоқ. Әркім әрқашан өз басының қайғысымен жүрер. В.Зеланд 


13. Адам баласы қателігінің көптігімен бағаланбайды. Қандай қиыншылыққа тап болса да, тұрып әрі қарай жүре алатын ерік-жігерімен құрметті бола алады. Д.Краузе 


14. Жөндеп, өзгертуге болмайтын іс қана қателік болып есептеледі. Конфуций 

 

сурет: matrony.ru