Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар

 Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар

Әлемнің кез келген жұрты білуі тиіс жазушы бар. Ол - Рэй Брэдбери. «Фаренгейт бойыша 451 градус», «Марс шежірелері» сияқты фантастикалық жанрдағы шығармаларымен жұрттың арман-аңсарын өзіне аударып, талғам мен тілегіне сай туындыларды өмірге әкелген Рэй Брэдбери.

Ғұмырында  27-ден астам романның, ертегі кітаптарының авторы 1920 жылдың 22 тамызында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Балалық шағын Уокиган қалашығында өткізіп, кейінірек жақын маңдағы штаттарға оқуға аттанады... Өмірінің соңғы он жылын Лос-Анджелес қаласында өткізген жазушы бір апта бұрын 91 жасында дүниеден озды.

Бүгін сіздерге ел жадында мәңгі сақталып қала беретін жазушының 5 қанатты сөзін назарға ұсынбақпыз.

1. Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Мәселен - оларды оқымау.

2. Дәл қазір 10 секундтан  соң өліп кететіндей  көзіңді кең ашып, ашқарақ  секілді өмір сүр. Бүкіл әлемді көруге тырыс. Ол ақшаға сатылып алынған немесе фабрикаларда жасалып шыққан армандардан көп есе артық, әрі ыстық. ...Кепілдік сұрама, тыныштық іздеме - өмірде мұндай жыртқыш жоқ.

3. Егер біз ақыл-ойымызды тыңдасақ, онда бізде ешқашан махаббат болмас еді. Ешқашан достық та болмас еді. Ешқашан біз ұлы қадамдарға бармас едік, себебі арсыз сұрақтар туындайтын еді: "Бәрі өзім ойламағандай.." немесе "Ол мені тастап кетеді" не болмаса "Бір рет күйгенім де  жетер, бәріне...". Бұның бәрі барып тұрған ақымақтық. Бүйте берсең бүкіл өмірді уыстан шығарып алуға болады. Қай уақытта болмасын жардан төмен секір және төмен қарай қанатты жай.

4. Адам он жеті жасқа дейін бәрін білетін болады. Егер сол жан жиырма жеті жаста да баяғыша бәрін білсе - онда ол дегеніміз, ол әлі он жеті жаста.

5. Өмірден бірінші білуің керек нәрсе - өзіңнің ақымақ екендігің.

Соңғы білетінің - сол баяғы ақымақ болып қала бергендігің.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига