Бернард Шоудың қанатты сөздері

Бернард Шоудың қанатты сөздері

Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Нобель сыйлығының иегері, талантты британдық жазушы Бернард Шоудың (1856-1950) қанатты сөздерін ұсынамыз.

  • Осы айдың аяғында мен 56 толамын. Бірақ мен әлі есеймегенімді байқап жүрмін.
  • Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.
  • Өз қорқынышының құлы болудан артық қорлық жоқ.
  • Тірлікте қорқатындарға ғана қатер келеді.
  • Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
  • Ұстамдылық - адам бойындағы ең асыл қасиет.
  • Білім алудың ең оңтайлы жолы - сол салада жұмыс істеу.
  • Бұзылған адамдар -жүрегінде махаббат оты жоқтар.
  • Өмірдің шын қуанышы пайдалы іспен айналысып, өмірде өз орныңды таба білу.
  • Әр адам өзінше ойлап, кез келген нәрсеге өз көзімен қарауға құқылы.
  • Адам баласы еңбексіз өлікке айналады.
  • Жастық - тірліктің ең үлкен сыйы. Бұл сыйды ерекше ұқыптылықпен пайдалана білелік.
  • Менің өмірдегі ең басты саясатым - таспен ұрғанды аспен ұру.
  • Менің ұстазым - өмірде жасаған қателіктерім.
  • Кекшілдің - қорқақтың ісі.

cурет: guardian.co.uk