Бақыт деген не?

Бақыт деген не?

Планетаның кез келген түкпіріндегі адамның басты мақсаты - бақытты болу. Бақыттың не екендігін табу. Сірә, бұл тақырыпта ойланып бас қатырмаған адам жоқ шығар. Және әркімнің бақыт туралы өзіндік ойы болуы мүмкін. 

Құрметті массагеттің оқырманы! Сізге ұлы ойшылдардың осы туралы айтқан пікірлерін ұсынамыз.

  • Денсаулық - өмірдегі басты байлығымыз. Януш Корчак
  • Адамның табиғаты сол - бақытқа ұмтылып тұрады. Лев Николаевич Толстой
  • Басқа келген қиыншылықты ризашылықпен қабылдай білу керек. Бірақ бөтеннің бақытсыздығына жанашырлық танытпау адамшылыққа жатпайды. Сомерсет Моэм
  • Тірлікте адамды бақытты ететін бір ғана нәрсе бар. Ол - махаббат. Антон Павлович Чехов
  • Басқа келген бақытсыздық әсерінен көп адам ұсақталып, кекшіл жанға айналуы мүмкін. Осыдан сақтаналық. Сомерсет Моэм
  • Жер беті адамдарының басты бақытсыздығы - тәндерінің өлгендігі емес, - махаббатарының өшкендігі. Сомерсет Моэм
  • Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ. Блез Паскаль
  • Адамға шаттық әкеліп, бақытқа бөлейтін нәрсе - өзінің жақындарыyа керек екендігін сезіну. Максим Горький
  • Сүю мен сүйкімді болудан артық бақыт жоқ шығар, сірә. Антон Павлович Чехов
  • Өмірдің өкінбейтін бар айласы. Ол айла - қиянатсыз ой тазасы. Шәкәрім.
  • Жұмысың өзіңе қызықты болса, өмірің - жұмақ. Жұмысың мойныңа ілінген міндет болса, өмірің - құлдық. Максим Горький
  • Адамның жүрегінде жақсылыққа ұмтылдыратын күш бар. Сондықтан кез келген адам бейсаналы түрде болса да, әдемілікке, тазалыққа ұмтылады. Максим Горький
  • Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай
  • Басында бағы бар адам оған шүкіршілік ете білуі керек. Өмірде ештеңе мәңгі емес. Антон Павлович Чехов
  • Бейбітшілік, тыныштық, тату тәтті өмір, бауырмалдылық - міне, өмірдің қызығы. Марк Твен
  • Еркін адам міндетті түрде бақытты болады. Бірақ еркіндікке жету оңай емес қой. Николай Михайлович Карамзин
  • Жас кезінде барлық адам болашағын ойлап, бақытқа талпынады. Жетістікке жеткісі келеді. Сол талпыныстың өзі, сол ерік-жігердің өзі бақыт емей, немене? Лев Николаевич Толстой

сурет: kotofot.ru