Өмір сүру өнері

Өмір сүру өнері

Әркімнің ойына өмірімді қалай өткізем деген сауал келген шығар. Массагет ұжымы осы орайда әлемнің танымал тұлғаларының осы туралы айтқан ойларын ұсынады.

  • Пайдасыз, құр сергелдеңмен өмір сүргенің - дүниеге келмегенің. Иоганн Вольфганг Гете
  • Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны пайдалы қылып өткізуге талпыналық. Джек Лондон
  • Адамның қалай өлгендігі емес, өмірін қалай сүргендігі маңызды. Сэмюэл Джонсон
  • Өмірдің мәні білмеген нәрсеңді біліп, танымымызды арттыруға талпынғандығымда. Эмиль Золя
  • Әрбір айтқан сөзіміз, істеген ісіміз болашақтағы тағдырымызға қалай болса да әсер етпей қоймайды. Иоганн Вольфганг Гете
  • Әрқашан бірдеңемен айналысып алға жылжып отыр. Ата-анаңды, жарыңды, балаларыңды сүйе біл. Бөтенге жақсылық қыл. Қылған ісіңнің қайтарымын күтпе. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Айналаңды тануға ұмтыл. Эпикур
  • Бір күн өзінше бөлек кішкентай өмір секілді. Әр тәулікті құдды соңғы күніміздей қылып сүрелік. Максим Горький
  • Өмірдің тосын сыйларына әрқашан дайын бол. Басыңа қонған бақ та, қайғы да мәңгі емес. Али Апшерони
  • Өмір - біреу. Иоганн Вольфганг Гете
  • Әр күнімізді өмірге жаңа келген адам секілді ыждаһаттылықпен сүрелік. Бөтеннің жеткен жетістігіне қуанып, тіреу болуға тырысалық. Сергей Грек
  • Өмір велосипед секілді. Тепе-теңдікті сақтап тұру үшін әрқашан қозғалыста болуы керек. Альберт Эйнштейн
  • Өмір - уақытпен өлшенетін теңдессіз байлық. Анжелика Миропольцева
  • Өмір - ең жақсы мектеп деген сөзді қайталап айта бергім келеді. Артыңызға көз салар болсаңыз, өміріңіздегі кез келген оқиғаның сіздің танымыңыздың, түсінігіңіздің артуына көп себепші болғандығын анық байқайсыз. Сондықтан әрбір сәтсіздік пен сәттіліктен ғибрат алуға тырысалық. Али Апшерони
  • Өмір сүру ілімін оқыту мүмкін емес, тек бағыт сілтеуге болады. Өмір сүрудің даналығын әрбір адам тірлігінде өзі түсінеді. Али Апшерони
  • Өмір - бірдеңені сатып алу немесе ие болу емес, керегіңді өз қолыңмен жасап алу. Аристотель

сурет: dholidays.net