Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы (жалғасы)

Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы (жалғасы)

Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы (жалғасы)

Басы

Эрнест Хемингуэй туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Эрнесттің жүрегінде Париждегі өмірі де біраз орын алды. «Мәңгі мереке» атты кітабына осы жердегі оқиғалар негіз болды. Сонымен қатар жазушы Гавана маңында да біраз уақыт өмір сүрді. Испан соғысы туралы баяндалатын  «Қоңырау кім үшін соғады?» атты кітабын жазып шығу туралы ой осы жерде келген еді. 

Эрнесттің аңшылықты, балық аулауды жан-тәнімен сүйгендігін айтып өттік. Жалпы алғанда, жазушы өзінің шығармаларындағы кейіпкерлерге ұқсауға тырысты. Соның әсері болса керек, Хемингуэйге ғашық болып, көңілін білдірген қыз-келіншектердің саны өте көп болды. 

ыва

Эрнест Хемингуэй ұлы Грегоримен. Кения, 1934 жыл

Жазушы әлемдік даңқа 1953 жылы бөленді. Осы жылы оған "Шал мен теңіз" романы үшін Пулитцер сыйлығы берілді. Тура бір жыл өткен соң, Нобель сыйлығы тағайындалды. Бірақ әуе апатына ұшырап, дерт үстінде жатқан Хемингуэй Стокгольмға бара алмады. 

Өмірінің соңында Эрнест көп қиыншылықтарға тап болды. Испан соғысында алған жарақаты бар, көзімен көрген екі әуе апаты бар - осының бәрі денсаулығының сыр беруіне негіз болды. Бас ауруы, паранойа секілді қиыншылықтарға тап болды. Журналистерге берген бір сұхбатында халінің тым нашарлығын, бірдеңе жазуға деген икемінің жоғалып кеткендігін айтып, көзіне жас алды. 

Ақыры не керек, айтулы жазушы 1961 жылдың 2 шілдесінде АҚШ-тың батысындағы Кетчум қалашығында дүние салды. Қазіргі кезде оның еңбектері әлі күнге дейін еш маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін еңбектері әлемнің түрлі тілдеріне аударылып, көп оқырманның сырласына айналып жүр. Қазақ оқырмандары арасында жазушының "Шал мен теңіз", "Қош бол, майдан" атты еңбектері кеңінен танымал.

сурет: tekil.ru, history-life.ru

3031 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 16:37
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 17:46

мдааа. соғыс деген жаман ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...