Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Дейл Карнегидің нақыл сөздері

Дейл Карнегидің нақыл сөздері

Дейл Карнегидің нақыл сөздері

Оқырмандарға 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризмдерін ұсынамыз:

  • Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.
  • Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады.
  • Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.
  • Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз.
  • Біздің басты мақсатымыз тым алысқа көз салу емес. Өзіміз көре алған жерге дейінгі қамымызды ойлай білу.
  • Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз.
  • Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.
  • Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
  • Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады.
  • Жемісі бар ағашқа ғана тас атады.
  • Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.
  • Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы - сол лимитті азайту.
  • Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.
  • Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.
  • Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
  • Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.
  • Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.
  • Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар - оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу.
  • Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес.
  • Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.

Сурет: salesportal.ru

24179 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 14:10
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 14:53

"Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін". Мына сөз атақты сөз ғой :)

+0
03 мамыр 2012, 15:19

10 жылдай уақыт болды Дейл Карнегидің кітаптары менің күнделікті қолданысымдағы кітапрдың бірі болғанына))) тамаша нақыл сөздер :!:

+0
03 мамыр 2012, 23:14

Жемісі бар ағашқа ғана тас атады. Керемет!

+0
03 қаңтар 2013, 23:12

Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...