Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Леонардо да Винчидің насихаты

Леонардо да Винчидің насихаты

Леонардо да Винчидің насихаты

Өткен жолы Леонардо да Винчидің өмір жолы туралы әңгіме-дүкен құрып едік. Уәде бергеніміздей бүгін осы ұлы ғалымның афоризмдерін назарларыңызға ұсынамыз.

  • Әлемде барлық нәрсе ерекше ақылгөйлікпен құрылған. Әркімнің өз жұмысымен айналысуы - міне, тірліктің ең басты әділеттілігі.
  • Ақымақтардың бір тобы бар. Олар - екіжүзділер. Олар бөтенді алдадым деп ойлағанымен, шындығына келгенде, тек өздерін алдайды.
  • Адамды мақтау арқылы зиян тигізуге де болады. Анығын білмесек те, біреуге мін айту арқылы бөтенге тигізер зиянымыз одан да көп. 
  • Адал достарының көп болғанын қалаған адам өзі де адал және шыдамды болуы керек. Сонымен қатар, бөтеннің де қамын ойлап тұратын қасиетті бойынан таба білгені жөн. Осылайша кең пейіл арқылы адам қошемет пен құрметке ие болады. 
  • Үміт жоқ жерде тіршілік жоқ.
  • Еш жұмыссыз тұрған темірдің тот басып, бір орында тұра берген судың саситындығы секілді адам баласы миын жұмыс істетіп ойланбаса, қарайып-қаңырап қалатыны анық.
  • Кез келген нәрсенің сұрауы бар.
  • Тәжірибе арқылы табылмаған білімнің қатесі көп болады. 
  • Уақыттың туысы - шындық.
  • Шындық - түбі белгілі болмай қоймайды.
  • Зұлымдыққа қарсы тұрмаған адам - оның жайылуының басты себепкері.
  • Өмірді қадірлей білмеген адам, өмір сүруге лайық емес.
  • Білім - басшы, тәжірибе - қосшы.
  • Біреуді жамандап, өсектеу арқылы адам тек өзіне зиян келтіреді. 
  • Ұстазынан аса алмаған шәкірт тұл.
  • Әлемді тануға ұмтылу - адам жанының басты тамағы.
  • Қарттығыңды жас кезіңде ойла.
  • Адамның 3 түрі болады: өздігінен көретін, біреу көрсетсе ғана көретін, көрмейтін...

 

сурет: artmight.com

2141 1
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 17:20
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 21:55

Зұлымдыққа қарсы тұрмаған адам - оның жайылуының басты себепкері. :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...