“The Planet of ART 2023” фестивалінің музыкалық цикліне өтінім қабылдау басталды

“The Planet of ART 2023” фестивалінің музыкалық цикліне өтінім қабылдау басталды
Фото: The Planet of ART

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы “The Planet of ART 2023” Халықаралық Фестивалінің музыкалық цикліне өтінімдерді қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.

1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылды және Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында  182 ЮНЕСКО  клубтары жұмыс істейді, олардың мүшелерінің жалпы саны 17000 адамнан асады, олар 17 облыстың 50-ден астам қаласы мен 23 ауылында орналасқан. Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыттары: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске асырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық Диалог жылын бейбітшілік кепілі ретінде ілгерілетуге арналған “THE PLANET OF ART 2023” Халықаралық фестивалінің келесі музыкалық циклі 2023 жылдың 6 ақпанында ресми түрде бастау алды.

Аталмыш жобаның басты мақсаты дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыруға және "әлем мәдениеті" тұжырымдамасы негізінде фестивальге қатысушылар арасындағы достық байланысты нығайту арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған.

Биылғы фестивальдің айрықша ерекшелігі – ұйымдастырушылардың заманауи өнерді насихаттау арқылы жастармен өз тілінде сөйлесуге деген ұмтылысы. Сонымен қатар, Фестиваль қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармаларын концерттің музыкалық бағдарламасына заманауи интерпретацияда енгізу арқылы олардың шығармашылығын насихаттауға айтарлықтай үлес қосады.

Жобаға қатысуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстаннан 12 мен 18 жас аралығындағы өздерінің вокалдық, аспаптық және хореографиялық дағдыларын дамытуға ұмтылатын барлық дарынды өкілдер шақырылады.

“The Planet of ART 2023” қатысушылары өз елін  таныстыра отырып, халықаралық іс-шара алаңында бейбітшілік мәдениетінің жас елшілері ретінде өнер көрсете алады.  

Көптеген серіктестердің күш-жігерінің арқасында байқауға және Фестивальдің ақтық бағдарламасына қатысу тегін. 

Байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша финалистер білім беру және мәдени бағдарламадан өту үшін Қазақстанға шақырылады. Балалар тренингтер мен мастер-класстар сериясына қатысуға, ұлттық мәдениетпен танысуға, Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері мен жетекші педагогтарынан ынтымақтастықтың құнды тәжірибесін алуға, ең бастысы, әлемнің түрлі елдерінен жаңа достар табуға бірегей мүмкіндік алады. “THE PLANET OF ART 2023” фестивалі музыкалық циклінің кульминациясы ретінде Астана және Павлодар қалаларындағы жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі мен екі ауқымды гала-концерт болады. Концерттер әлемдік музыкалық мәдениет пен отандық композиторлар шығармашылығын бір театрландырылған бағдарламасы арқылы оның тұжырымдамасы мен драматургиясын фестивальдің “Жүректеріміз үндессін” тақырыбын ашуға бағытталатын болады.

Жоба бағыттары:

1. Вокал;
2. Аспаптық жанр;
3. Хореография.

Өтінімдер 2023 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады, ал іріктеу кезеңдері Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін болады.

Қатысу ережесі мен тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://unescoclubs.kz/kk/planet_of_art_2023_kz/ 

Н. Үсенова