SPT олимпиадасы: оқушылар мен колледж түлектері грант ұтып алуына болады
Фото: sdu.edu.kz

SPT олимпиадасы: оқушылар мен колледж түлектері грант ұтып алуына болады

Сулейман Демирель атындағы Университет еліміздің барлық қала, облыс, ауыл-аймақтағы білімді де алғыр жастарға 4 жылдық оқу гранттары мен жеңілдіктер бөліп отыр.

SPT (SDU Proficiency test) – Сулейман Демирель Университеті ұйымдастыратын Қазақстанның барлық мектеп пен колледж түлектеріне арналған олимпиада. Негізгі мақсаты – еліміздің түпкір-түпкіріндегі талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және университет гранты мен жеңілдіктер ұсыну арқылы қолдау.

Олимпиада осымен сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізілетін олимпиада екі айналымнан тұрады. Бірінші айналымда онлайн форматта қатысушылар 50 логикалық сұраққа жауап береді. Ал екінші айналымда оқушылар мен колледж түлектері ҰБТда таңдаған пәндер бойынша тест тапсырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Озық шыққан жастарға Сулейман Демирель Университеті жалпы саны 264 жеңілдік пен гранттар ұсынады.

Олимпиадаға тіркелу 28 ақпанға дейін жалғасады, онлайн өтеді. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.  

Н. Үсенова