Қазақстандағы

Қазақстандағы "Halyk Bank" Өзбекстандағы банк секторының тепе-теңдігін өзгерте алады

Шілде айының басында Өзбекстан өз ішкі нарығына ену үшін Қазақстан банктеріне жағдайды жеңілдетті. Бұл ұзақ уақыттан бері Өзбекстанда өз филиалын ашуды көздеп келген Halyk Bank-ке жол ашты, – деп хабарлайды Diplomat Magazine. 

Өткен жылғы қарашада банк басшылығы Өзбекстандағы нарықты зерттегені мәлім. "Біз Өзбек нарығына шығуға қызығушылық танытамыз, өйткені "Halyk Group" ретінде тек Қазақстанда ғана емес, ТМД деңгейінде де нарықтың үлкен үлесін иеленіп отырмыз. Біздің ойымызша, аймақтық деңгейде өте жақсы қаржы тобын ұсына аламыз", – деген еді банк басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 

10 шілдеге дейін тек "А" рейтингісіне ие болған шетелдік банктер Өзбекстанда лицензия алуы мүмкін болатын. Бірақ жақын арадағы жаңа келісіммен бәрі де өзгереді. 2017 жылы "Halyk Bank" мемлекеттегі ең ірі банктердің бірі болған "Казкоммерцбанк"-ті сатып алды. Егер "Halyk Bank" осындай үлкен қаржымен шықса онда олар Өзбекстанда банк секторындағы тепе-теңдіктің өзгеруіне өз септігін тигізеді. 

Өзбекстан нарығына қазақ банктерінің енуі мемлекетке пайдалы болады. Себебі "Halyk Bank" өзінің бай тәжірибесі мен қаржысын Өзбек нарығына алып барады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?