BI Group Астанада әлем қабырғасын тұрғызады

BI Group Астанада әлем қабырғасын тұрғызады
Фото: BI Group

Қала күніне орай BI Group құрылыс компаниясы Астанада Әлем қабырғасын тұрғызады. Париждегідей бір аттас монумент сол жағалауда – Тәуелсіздік сарайы мен «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің ортасында орналасады.

Жаңа көрікті орын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың наурызында жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифестіне негізделген. Манифест мәтіні – бірнеше тілде Әлем қабырғасында бейнеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016-2017 жылы Астанадағы Әлем қабырғасының ең үздік нобайлық жобасына конкурс жарияланған болатын. Жеңімпаз литвалық сәулет студиясы болды. Одан әрі жоба жұмыстарымен Еуропаның және Қазақстанның бірнеше жобалау компаниялары жүргізеді. Әлем қабырғасы Ақтөбе облысының елордамыздың 20 жылдығына арнаған сыйлығы болмақ. Жоба құрылысымен BI Group холдингінің BI Construction компаниясы айналысады.

«Париждегіден біздің Әлем қабырғасының айырмашылығы – бұл мультимедиялық құрамдас бөлігі. Қабырғада, сондай-ақ оның төбе жағында Қазақстанның жетістіктері туралы фильмдер көрсетіледі. Мақсат – бұл орынды әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар үшін көрікті жерге айналдыру», - дейді BI Construction компаниясы жобаларды дамыту бөлімінің сарапшысы Сәния Байбулова.

Ж. Жұмағұлов