«Менің Қазақстаным» фотобайқауына қатысып үлгеріңіз

«Менің Қазақстаным» фотобайқауына қатысып үлгеріңіз
Фото: Жанат Айтхожин

«Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігі Tengrinews.kz жаңалықтар порталы мен Massaget.kz танымдық-ақпараттық порталымен бірге «Менің Қазақстаным» фотобайқауын 2017 жылы 21 шілдеден 20 қазанға дейін жалғастырады.

Қазақстан – бұл сұлу табиғат қана емес, ол бірегей флора мен фауна. Екінші сериясы: «Алуан түрлі Қазақстан: адамдар» (21 тамыз-20 қыркүйек), Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі адамдар туралы көзбе-көз түрде айтып береді. Серия 25 тамызда бастау алып, 24 қыркүйекке дейін жалғасады. Фотосуреттерді ұсынудың соңғы күні – 24 қыркүйек, күндізгі 12:00 (Астана уақыты). Ұйымдастырушылар Қазақстан тұрғындарын және қонақтарын табиғат аясында, жұмыста, қалада, ауылда, тұрмыста көрсететін фотосуреттерді қабылдаймыз. Әр фотосуреттің қысқаша сипаттамасы, түсірілген жері және күні көрсетілуі қажет. Бір автор 10 фотосуретке дейін жіберуге мүмкіндігі бар.

Төрешілермен таңдалған үздік фотосуреттер үш жүлделік санат бойынша құнды сыйлықтар алып, QazaqGeography көрмесіне қойылады. Барлық фотосуреттер Tengrinews және QazaqGeography сайттарындағы фотогалереяға шығарылады. Ал байқау қорытындысы бойынша Tengrinews.kz сайт қолданушыларының пікірі бойынша үздік фотосурет үшін қатысушыларды Tengrinews.kz жаңалықтар порталынан тағы бір жүлде күтіп тұр.

«Менің Қазақстаным» байқауына қатысу үшін QazaqGeography қоғамының мүшесі болуы қажет. Қоғамға кіру және конкурсқа қатысу туралы толығырақ www.qazaqgeography.kz және https://tengrinews.kz/photo_contest сайттарынан білуге болады.

2013 жылдың қазанында құрылған «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігі 5 басым бағыт: «География, климат», «Қоршаған орта, табиғи ресурстар», «Биотүрлілік», «Туризм, саяхат, өлкетану», «Тарихи-мəдени мұра, этнография» аясында жұмыс жүргізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша: Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 11 өңірлік өкілдік ашылған.

QazaqGeography өзінің жобаларын Еуропалық Топ (ERG), «Востокцветмет» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС секілді компаниялардың демеушілігімен іске асырады.

«Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» QazaqGeography РҚБ

Мекен-жайы: Астана қ, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 11-блок, 11.103 кеңсе.
Тел: +7(7172) 70 57 39, 70 66 07
Email:kazgeography@nu.edu.kz
Сайт:www.qazaqgeography.kz
Әлеуметтік желілер: Facebook (Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы), Instagram (QazaqGeography)

@. @assel_assanova